stick [stɪk] A.v (pt, pp stuck [stʌk]) 1.жабыстыру, жапсыру, желімдеу; жабысу, желімделу ♦∼ smth He stuck a stamp on the envelope. – Ол конвертке марка жапсырды/ жабыстырды. ♦We used glue to stick the broken pieces together. – Сынықтарды бір-біріне жапсыру үшін желімдедік. ♦I stuck the photos into an album. – Фотоларды альбомға жапсырдым. ♦Her wet clothes were sticking to her body. – Су киімдері денесіне жабысып тұрған. ♦(ауысп мағ) The police couldn't make the charges stick. – Полиция айыптауларды дәлелдей алмады. ♦(ауысп мағ) His friends called him Bart and the name has stuck. – Достары оны Барт дегендіктен, бұл ат оған таңылып қалды. 2.қысылып қалу, тұрып қалу, ілініп қалу, кептеліп қалу (syn: jam) ♦This drawer keeps sticking. – Мына тартпа тұрып қала береді. ♦∼ in smth The key has stuck in the lock. – Кілт құлпыдан шықпай қалды/ -ға тұрып қалды. 3.сұғу, нұқу, қадау ♦∼ smth The nurse stuck the needle into my arm. – Медбике қолыма инені сұқты. ♦Don't stick your fingers through the bars of the cage. – Тор қапастың ішіне саусағыңды сұқпа. ♦I found a nail sticking in the tyre. – Шинаға/ Дөңгелекке қадалып тұрған шегені таптым. 4. ∼ smth (informal) қоя/ сұға/ қадай/ сала/ қыстыра салу ♦Stick your bags down there. – Сумкаларыңды мұнда қоя салыңдар. ♦He stuck his hands in his pockets and strolled off. – Қолын қалтасына салды да жүре жөнелді. ♦Can you stick this on the noticeboard? – Мынаны хабарлама тақтасына қадай саласың ба? ♦Peter stuck his head around the door and said, ‘Coffee, anyone?’ – Питер есіктен басын сұғып, «Кімге кофе керек?» деді. ♦(informal) Stick 'em up! – Қолдарыңды көтеріңдер! (әйтпесе атамын). 5. smb can ∼ smth (informal) «артыңа тық» дег мағ ♦I got sick of my boss's moaning and told him he could stick the job. – Бастығым құлақты қажай бергеннен соң, оған жұмысты артыңа тық дедім. 6. (BrE, informal) шыдау, көну (syn: stand) ♦∼ smth/smb I don't know how you stick that job. – Мына жұмысқа қалай шыдап жүргеніңді білмеймін. ♦They’re always arguing - I can’t stick it any longer. – Олар керілдеседі де жатады – енді шыдар емеспін. ♦The problem is, my mother can't stick my boyfriend. – Мәселе мынада – шешем жігітімді жақтырмайды. ♦∼ doing smth John can't stick living with his parents. – Джонның өз ата-анасымен тұрғысы келмейді. 7. (карта ойынында) артық карта алмаймын 8. (idm) *mud sticks [қ-з: mud (2)] *put/stick the boot in (BrE, informal) жығылып жатқан біреуді тебу/ тепкілеу *put/stick the knife in | put/stick the knife into smb [қ-з: knife (А2)] *put/stick your oar in [қ-з: oar (2)] *put/stick two fingers up at smb [қ-з: finger (А4)] *stand/stick out like a sore thumb [қ-з: sore (А3)] *stand/stick out a mile [қ-з: mile (5)] *stick in your head/mind [қ-з: mind (А6)] *stick in your throat/craw (informal) a) тамағы жабысып қалу, сөйлей алмай қалу b) (жағдай ж) төзу қиын болу; ызаландыру *stick your neck out [қ-з: neck (А5)] *stick/poke your nose into smth [қ-з: nose (А7)] *stick to your guns (informal) ойынан айнымау, райынан қайтпау, мызғымау *tell smb where to put/stick smth | tell smb what they can do with smth (informal) жақтырмайтынын білдіру 9. (phr v) *stick around (informal) төңіректе/ сол орында болу ♦Stick around; we'll need you to help us later. – Осында болшы; кейінірек бізге көмегің керек болады. *stick at smth талмай/ қоймай істеу/ айналысу ♦If you want to play an instrument well, you've got to stick at it. – Муз-қ аспапта жақсы ойнағың келсе, талмай айналысуың керек. *stick by smb айнымай қолдау/ демеу ♦It was a difficult time but my friends stuck by me. – Қиын жағдай еді, алайда достарым айнымай қолдады. *stick by smth жоспарынан/ ісінен айнымау/ таймау ♦They stuck by their decision. – Олар шешімін өзгертпеді. *stick smth down (informal) жазып алу, қаламмен түртіп алу ♦I think I'll stick my name down on the list. – Аты-жөнімді тізімге енгізсем деймін. *stick it/smth out (informal) талмай/ қоймай істеу/ айналысу ♦She didn't like the course but she stuck it out to get the certificate. – Курсты жақсы көрмесе де ол сертификат алу үшін шыдады. *stick out көзге тез шалыну/ көріну (syn: stand out (from/against smth)) ♦They wrote the notice in big red letters so that it would stick out. – Олар хабарламаны көзге бірден түссін деп үлкен қызыл әріптермен жазды. *stick out (of smth) | stick smth out (of smth) шошаю, қалқаю, қылтию, шығару, шығу ♦His ears stick out. – Құлақтары қалқиып тұрады. ♦She stuck her tongue out at me. – Ол маған тілін шығарды. ♦Don't stick your arm out of the car window. – Машина терезесінен қолыңды шығарма. *stick out for smth (informal) райынан/ ойынан қайтпау/ айнымау, тұрып алу, қоймай қою ♦They are sticking out for a higher pay rise. – Олар жалақыны көтеру туралы талабынан айнымауда. *stick to smth a) талмай/ қоймай істеу/ айналысу ♦She finds it impossible to stick to a diet. – Диета ұстаған ол үшін қиын болуда. b) ісінен/ жоспарынан айнымау, өзгертпей істей беру, жалғастыра беру ♦Let's stick to the original plan. – Бастапқы жоспардан айнымайық. ♦Stick to your principles and don't let yourself be bullied. – Өз принциптеріңнен айныма да(ғы) ешкімнен қорықпа. ♦He promised to help us and he stuck to his word. – Ол бізге көмектесемін деген уәдесінде тұрды. ♦She stuck to her story. – Ол бір айтқанын айта береді. *stick together (informal) (кісілер ж) өзара тату болу, бірін-бірі қолдау ♦We were the only British people in the town so we tended to stick together. – Қаладағы британдықтар жалғыз біз ғана болғандықтан бір-бірімізге жақын болдық. *stick up (жоғары) қылтиып тұру, шошайып тұру, шығып тұру ♦The branch was sticking up out of the water. – Бұтақ судан қылтиып шығып тұрды. *stick up for smb/yourself/smth (informal) қолдау, қорғау ♦Stick up for what you believe. – Өз сеніміңді қорға. ♦She taught her children to stick up for themselves at school. – Ол балаларын мектепте өзін-өзі қорғауға үйретті. ♦Don't worry - I'll stick up for you. – Уайымдама – сені қолдайтын боламын. *stick with smb/smth (informal) a) біреуден ажырамау, біреуге жақын болу ♦Stick with me and I’ll make you a millionaire! – Менен ажырама, сені миллионер етемін! b) ісінен/ жоспарынан айнымау, өзгертпей істей беру, жалғастыра беру ♦They decided to stick with their original plan. – Олар бастапқы жоспардан айнымауды ұйғарды. B.n 1. (сынған) бұтақ, шыбық, таяқ ♦We collected dry sticks to start a fire. – От жағу үшін кепкен бұтақ жидық. ♦He said he was beaten with a stick. – Ол өзін (біреу) таяқпен ұрды дейді. ♦The boys were throwing sticks and stones at the dog. – Балалар итке таяқ, тас лақтырып жатты. ♦Her arms and legs were like sticks. – Қол-аяғы таяқтай еді. ♦(ауысп мағ) The referee got a lot of stick from the home fans. – Жергілікті жанкүйерлер төрешіні оңдырмай балағаттады. 2. (especially BrE) (also walking ∼) (сүйеніп/ таянып жүруге арналған) таяқ ♦He walks with a stick these days. – Бүгіндері ол таяқпен жүреді. ♦The old lady leant on her stick as she talked. – Кемпір сөйлегенде таяғына сүйенді. 3. (спортта) таяқ ♦a hockey stick – хоккей таяғы 4. ∼ (of smth) таяқша, кесек, пакет, таяқ ♦The man had sticks of dynamite strapped to his chest. – Еркектің денесіне байланған динамит таяқтар болды. ♦a stick of gum – бір пакет сағыз ♦(NAmE) a stick of butter – бір кесек май 5.таяқша, таяқ ♦pieces of pineapple on sticks – таяқшалардағы ананас тілімдері ♦measuring sticks – өлшейтін таяқтар ♦a selfie stick – селфи түсіретін таяқ 6. (especially NAmE, informal) = joystick 7. (especially NAmE, informal) (машинаның беріліс қорабындағы (коробка передач)) тұтқа 8.дирижер таяғы 9. the ∼s (informal, usually disapproving) ауылды аймақ, шалғай аудандар ♦We live out in the sticks. – Шалғайда тұрамыз.10. (idm) *be (caught) in a cleft stick тығырыққа тірелу, амалы таусылу *the big stick (informal) «үлкен таяқ», «тоқпақ», күш қолдану, қорқыту ♦The authorities used quiet persuasion instead of the big stick. – Үкімет орындары әкіреңдемей, сөйлесіп көндірді. *the carrot and (the) stick (approach) [қ-з: carrot (3)] *get the short end of the stick (NAmE) (BrE draw the short straw) [қ-з: draw (А17)] *get (hold of) the wrong end of the stick (BrE , informal) дұрыс ұқпау, теріс ұғу/ түсіну *a rod/stick to beat smb with [қ-з: rod (5)] *up sticks (NAmE pull up stakes) [қ-з: pull (А16)]