sting [stɪŋ] A.v (pt, pp stung [stʌŋ]) 1. ∼ (smb/smth) (маса, тб, өсімдік ж) шағу ♦I was stung on the arm by a wasp. – Қолымды ара шағып алды. ♦Be careful of the nettles - they sting! – Қалақайды байқа – шағады! ♦(ауысп мағ) I put some antiseptic on the cut and it stung for a moment. – Жараға біраз антисептик қойып едім, сәл ашытты. ♦(ауысп мағ) My eyes were stinging from the smoke. – Түтіннен көзім ашыды. ♦(ауысп мағ) ∼ smth Tears stung her eyes. – Аққан жас көзін ашытты. ♦(ауысп мағ) ∼ smb He was stung by their criticism. – Олардың сыны оған ауыр тиді. ♦(ауысп мағ) They launched a stinging attack on the government. – Олар үкіметке аямай тиісті. ♦(ауысп мағ) ∼ smb to/into smth Their cruel remarks stung her into action. – Олардың ащы сөздері оны әрекетке итермеледі. ♦(ауысп мағ) ∼ smb into doing smth He was stung into answering in his defence. – Ащы сөз оны жауап беруге мәжбүр етті. 2. ∼ smb (for smth) (informal) тым көп ақша төлету, қалтасын қағу ♦I got stung for a £100 meal. – Тамақ үшін £100 төледім. ♦How much did they sting you for? – Олар саған қанша төлетті? 3. ∼ smb for smth (BrE, informal) қарыз алу ♦Can I sting you for a couple of pounds? – Сенен бір-екі фунт (стерлиң) қарыз алсам бола ма? B.n 1. (NAmE also stinger) «ине», «бізше», шанышқы (масаның, араның, тб денеге қадалатын үшкір түтікшесі) ♦the sting of a bee – араның инесі ♦The scorpion has a sting in its tail. – Шаянның құйрығында инесі бар. 2. (маса, ара, тб) шаққан тұс, шағыс, шағу ♦A wasp or bee sting is painful but not necessarily serious. – Араның шағысы денені ауыртқанымен, соншама ауыр болмайды. 3.шаншу, шансыс, шаншып ауыру, ашу, ашыс ♦the sting of salt in a wound – тұз тиген жараның ашуы ♦There was a sting of sarcasm in his voice. – Даусында әжуа табы болды. ♦She felt the sting of tears in her eyes. – Аққан жас көзін ашытты. ♦He smiled at her, trying to take the sting out of his words. – Айтқан сөзін жұмсарту үшін ол оған қарап жымиды. ♦the hot sting of tears – көзді ашытқан ыстық жас 4.полицияның, тб құпия операциясы/ әрекеті ♦a sting operation to catch heroin dealers – героин сатушыларды ұстау үшін құпия операция ♦She was arrested in an undercover sting operation. – Оны құпия операция кезінде ұстады. 5. (especially NAmE) әккі қылмыс 6. (idm) *a sting in the tail(informal) «жәндік құйрығының шағысы», жайсыз жайт/ нәрсе