stink [stɪŋk] A.v (informal) (pt stank [stæŋk], pp stunk [stʌŋk]) 1. ∼ (of smth) сасу, сасық иіс шығу (syn: reek) ♦Her breath stank of garlic. – Демінен сарымсақ иісі мүңкіп тұрды. ♦It stinks of smoke in here. – Мұнда темекі иісі сіңіп қалыпты. ♦Don't go in there - it stinks. – Барма о жерге – сасып тұр. ♦(ауысп мағ) The whole business stank of corruption. – Бұл істен парақорлық/ коррупция аңқып/ мүңкіп тұрды. ♦(ауысп мағ) ‘What do you think of the idea?’ ‘I think it stinks.’ – «Бұл ой/ идея жайлы не айтасың(ыз)?» «Ұнап тұрған жоқ». 2. (phr v) *stink smth out сасыту, (жаман иіс) аңқыту, мүңкіту, бұрқырату ♦She stinks out the whole house with her incense and candles. – Ол бүткіл үйді хош иісті түтін мен май шам иісіне мүңкітеді. B.n (informal) 1.сасық иіс (syn: reek) ♦The room was filled with the stink of sweat and urine. – Бөлмеге тер мен дәреттің сасық иісі сіңіпті. 2.пәле, ашу-ыза, қиындық ♦The whole business caused quite a stink. – Бүткіл іс бір пәлеге ұрындырды. ♦We'll kick up a stink if they try to close the school down. – Егер олар мектепті жаппақ болса, арызданып, шағымданамыз.