stir [ stɜː(r)] A.v 1. (қасықпен, тб шайды, суды, тб) араластыру ♦∼ smth She stirred her tea. – Ол қасықпен шайын араластырды. ♦Stir the paint before you use it. – Қолданар алдында сырды/ бояуды жақсылап араластыр. ♦∼ smth into smth The vegetables are stirred into the rice while it is hot. – Күріш ыстық кезінде көкөністі оған араластырады. ♦∼ smth in Stir in the milk until the sauce thickens. – Соус қоймалжың тартқанша сүтті араластыр. 2.қозға(л)у ♦She heard the baby stir in the next room. – Келесі бөлмеде сәбидің қозғалып жатқанын естіді. ♦∼ smth/smb A slight breeze was stirring the branches. – Баяу самал бұтақтарды тербеп жатқан. ♦A noise stirred me from sleep. – Шу ұйқымнан оятты. ♦You haven't stirred from that chair all evening! – Кеш бойы креслодан қозғалмадың! ♦∼ yourself/smb Come on, stir yourself. You're late! – Тезірек, қозғал. Кешігудесің! ♦∼ smb into/to s smth Their complaints have finally stirred him into action. – Олардың шағымдары оны әрекеттенуге мәжбүр етті. 3.толқыту, қоздыру, елеңдету, қобалжыту ♦It's a book that really stirs the imagination. – Бұл - шынымен де қиялды қоздыратын кітап. ♦∼ smb She was stirred by his sad story. – Оның мұңлы әңгімесі оны жабырқатты. ♦(ауысп мағ) A feeling of guilt began to stir in her. – Күнә сезімі жан-дүниесін ырғай бастады. ♦(ауысп мағ) New optimism was stirring throughout the country. – Бүткіл елде жаңа бір құлшыныс пайда болды. 4. ∼ (it) (BrE, informal, disapproving) бүлдірмек болу, шырқ алу/ бұзу, пәле салмақ болу, қинамақ болу ♦You're just stirring it! – Бір пәлені бастап жатсың! 5. (idm) *stir the blood қоздыру, толқыту ♦The atmosphere in a theatre never failed to stir her blood. – Театрдағы атмосфера қашан да жұртты қоздырады. *stir your stumps (old-fashioned, BrE, informal) қозғала бастау; асығу 6. (phr v) *stir smb up біреуге дем беру/ қозғау/ құлшындыру *stir smth up a) (көңіл-күйін) толқыту, қоздыру ♦to stir up hatred – жеккөргізу ♦Going back there stirred up a lot of memories for her. – Ол жерге барып, ол талай нәрсені еске алды. b) бүлдіру, пәле салу, әурелеу, шырқ алу/ бұзу ♦to stir up a debate – айтысты/ пікірталасты бастау ♦Whenever he's around, he always manages to stir up trouble. – Ол келсе болды, әйтеуір, жұрттың шырқын бұзады. c) қозғау, араластыру ♦The wind stirred up a lot of dust. – Жел бұрқыратып шаң көтерді. B.n 1.толқу, қозу, дабыр, шу (syn: commotion) ♦Her resignation caused quite a stir. – Ол қызметінен түскенде біраз дабыр болды. ♦The discovery caused something of a stir among physicists. – Жаңалық физиктер арасында дабыр туғызды. ♦There was quite a stir about the book. – Кітаптың төңірегінде дабыр көп. 2.араластыру ♦Could you give the rice a stir? – Күрішті араластырасың ба?