stitch [stɪtʃ] A.n 1.тігіс; тігу ♦Try to keep the stitches small and straight. – Тігістерді кішкентай және түзу етуге тырыс. ♦Put a stitch in the corner of the pocket to keep it in place. – Орнықты ету үшін қалтаның бұрышын тік. ♦The cut needed eight stitches. – Тілген (жараланған) тұсқа сегіз тігіс салды. ♦I had six stitches in my foot after the accident. – Оқиғадан кейін аяғыма алты тігіс салды. 2.ілмек (тоқығандағы бір күрмеген жіп) ♦to drop a stitch – (тоқығанда) дұрыс ілмеу ♦The knitting should be 120 stitches wide. – Тоқыма 120 ілмек кең болуы керек. ♦to cast stitches on/off – ілмек қосу/ сөгу 3.тігіс, (тоқығандағы) ілмек ♦chain stitch – шынжыр тігіс/ ілмек ♦The edge was sewn with blanket stitch. – Жиегіне күрмеу тігіс салған. 4. (жүгіргеннен не күлгеннен бір бүйірі) түйілу, түйнеу, түйреу, шаншу ♦Can we slow down? I've got a stitch. – Сәл баяулайықшы. Бүйірім түйнеуде. 5. (idm) *in stitches (informal) қарқылдай күлген, ішек-сілесі қатқан ♦The play had us in stitches. – Пьеса ішек-сілемізді қатырды. *not have a stitch on | not be wearing a stitch (informal) үстінде лыпа жоқ болу, жалаңаш болу *a stitch in time (saves nine) (saying) қиындықпен дер кезінде айналыспаса, асқынып кетеді B.v 1. (инемен) тігу, тігіс салу (syn: sew) ♦be ∼ed Her wedding dress was stitched by hand. – Оның үйлену тойына киген көйлегін қолмен тіккен. ♦A pocket was stitched to the front of the jacket. – Қалтаны жакеттің алдына тіккен. ♦(figurative) An agreement was hastily stitched together. – Апыл-ғұпыл келісім жасалды. 2. ∼ smth (up) жараны/ тілікті тігу ♦The cut will need to be stitched. – Жараны/ Тілікті тігу керек болады. 3. (phr v) *stitch smb up (BrE, informal) алдау; біреуді тақырға отырғызу/ ыңғайсыз жағдайға қалдыру ♦If you don't insist on a contract, they'll stitch you up. – Контракт талап етпесең, олар аузыңды аңқитып (алдап) кетеді. *stitch smth up a) (инемен) тігу, тігіс салу b) (informal) ойластыру, тындыру ♦to stitch up a deal – бір іс тындыру ♦They think they have the US market stitched up. – Олар АҚШ рыногын игердік деп ойлайды.