stone [stəʊn] A.n 1.тас ♦Most of the houses are built of stone. – Үйлердің көбі тастан салынған. ♦stone walls – тас қабырғалар ♦a pile of stones – үйілген тас, тас үйіндісі ♦Some children were throwing stones into the lake. – Бір балалар көлге тас атып/ лақтырып жатты. 2. (also precious ∼) асыл тас, бағалы тас ♦She had the stone set in a ring. – Ол жүзігіне асыл тас салдырды. 3. (especially BrE) (NAmE usually pit) дән, сүйек (жемістің) ♦cherry/peach stones – шие/ шабдалы дәндері 4. (бүйректе, қуықта кейде пайда болатын) құм, тас ♦kidney stones – бүйрек құмы/ тастары 5. (pl ∼) (abbr st) «тас», стөун (Британияда ауырлық өлшем бірлігі – 6.35 кг) ♦He weighs over 15 stone. – Оның салмағы – 15 стөун. ♦She's trying to lose a stone. – Ол бір стөун арықтамақ болып жүр. 6. (idm) *carved/set in stone (шешім, жоспар ж) «тасқа қашалған», өзгермес, өзгермейтін ♦These rules are not set in stone. – Бұл қатып қалған ережелер емес. *have a heart of stone жүрегі тастай болу, қатал болу *kill two birds with one stone [қ-з: kill (А4)] *leave no stone unturned «төңкерілмеген тас қалдырмау», белгілі бір мақсатпен бар әрекетті/ амалды қылу *like getting blood out of/from a stone «тастан қан алғандай», мүмкін емес дерлік ♦Getting an apology from him was like getting blood from a stone. – Ол өлсе де кешірім сұрамайды. *people (who live) in glass houses shouldn’t throw stones [қ-з: people (А6)] *a rolling stone gathers no moss [қ-з: moss (2)] *a stone’s throw «тас лақтырым жер», өте жақын B.v 1.тас лақтыру/ ату, таспен ұру ♦be ∼d Shops were looted and vehicles stoned. – Дүкендерді тонап, көліктерге тас лақтырған/ көліктерді таспен ұрған. ♦to be stoned to death – таспен ұрып өлтіру (жаза ретінде) 2. (BrE) (also pit) ∼ smth жемістің дәнін/ сүйегін алу/ шығару ♦stoned black olives – сүйексіз қара зәйтүндер 3. (idm) *stone the crows | stone me (BrE, old-fashioned) мәссаған, о тоба