stop [stɒp] A.v 1.тоқта(т)у ♦The car stopped at the traffic lights. – Машина светофорда тоқтады. ♦Ann stopped in front of the house. – Әнн үйдің алдында тоқтады. ♦This train doesn’t stop at Oxford. – Мына пойыз Оксфордта тоқтамайды. ♦∼ smb/smth He was stopped by the police for speeding. – Қатты айдағаны үшін полиция оны тоқтатты. ♦She stopped the car opposite the school. – Ол машинаны мектепке қарсы тоқтатты. ♦∼ doing smth That phone never stops ringing! – Ана телефон бір тоқтамайды! ♦Don't you ever stop talking? – Сөйлегеніңді тоқтатасың ба, жоқ па? ♦Please stop crying and tell me what's wrong. – Жыламай, маған не болғанын айтшы. ♦The bus service stops at midnight. – Автобус қызметі түн ортасында тоқтайды. ♦∼ doing smth Has it stopped raining yet? – Жауын тоқтады ма/ басылды ма? ♦efforts to stop the spread of the disease – аурудың тарауын тоқтатпақ талпыныстар ♦Why has the engine stopped? – Мотор неге өшті/ тоқтады? ♦What time is it? My watch has stopped. – Уақыт қазір қанша? Сағатым тоқтап қалыпты. ♦to stop a cheque – чекті тоқтату/ төлеткізбеу 2.тоқтау, кідіру, іркілу ♦∼ for smth I'm hungry. Let's stop for lunch. – Қарным ашты. Тоқтап тамақ ішелік. ♦We stopped for the night in Port Augusta. – Түнде Порт-Аугустада тоқтадық. ♦∼ to do smth We stopped to admire the scenery. – Көріністі тамашалу үшін тоқтадық. 3. (BrE, informal) тоқтау, кідіру, қалу ♦I'm not stopping. I just came to give you this message. – Отыратын уақтым жоқ. Әшейін саған осы хабарды айтуға келгенмін. ♦∼ for smth Can you stop for tea? – Шайға қалсаңшы?/ Отырып шай ішсеңші? 4. ∼ smth (up) (with smth) бекіту, жабу ♦Stop up the other end of the tube, will you? – Түтіктің ана шетін бекітші. ♦I stopped my ears but still heard her cry out. – Құлғымды жапсам да оның айқайын естідім. 5. (idm) *stop at nothing дегеніне жету үшін бәріне бару/ ешнәрседен тайынбау/ іркілмеу ♦She’ll stop at nothing to make money. – Ақша табу үшін ол ешнәрседен тайынбайды. *stop the clock секундомерді/ сағатты тоқтату *stop/halt smb in their tracks | stop/halt/freeze in your tracks таңырқай/ қорқа тоқтау, таңырқата/ қорқыта тоқтату ♦The question stopped Alice in her tracks. – Сұрақ Әлисті кідіртті. ♦Suddenly he stopped dead in his tracks: what was he doing? – Ол кілт тоқтады: япырым-ау, мен істеп жүрмін (деп сұрады өзінен)? ♦(figurative) The disease was stopped in its tracks by immunization programmes. – Иммундау программасы ауруды тоқтатты. *stop short | stop smb short [қ-з: short (В4)] *stop short of smth /of doing smth [қ-з: short (В4)] 6. (phr v) *stop by (smth) барып келу, кіріп шығу, кідіру ♦I'll stop by this evening for a chat. – Кешке біраз әңгімелесуге кіріп шығамын. *stop in (BrE, informal) үйде қалу/ болу, тысқа шықпау ♦I didn’t feel well on Friday night so I stopped in. – Жұма күні аздап болдырып, үйде болдым. *stop off (at/in…) тоқтау, кідіру ♦We stopped off at a hotel for the night. – Тоқтап, бір қонақ үйде түнедік. *stop out (BrE, informal) кеш жату, түннің бір уағына дейін болу *stop over (at/in…) тоқтау, кідіру ♦I wanted to stop over in India on the way to Australia. – Австралияға жолай Индияда тоқтағым келді. *stop up (BrE, informal) кеш жату, түннің бір уағына дейін болу B.n 1.аялдама (остановка); станция ♦I get off at the next stop. – Келесі аялдамада түсемін/ шығамын. ♦Is this your stop? – Осы аялдамадан шығасың(ыз) ба? ♦Winchester will be the next station stop. – Келесі аялдама – Уинчестер. ♦(NAmE) Where's the nearest subway stop? – Жақын метро станциясы қай жерде? 2.тоқта(т)у ♦The trip included an overnight stop in Brussels. – Сапар кезінде Брюссельде түнеді(к). ♦We made several stops along the way. – Жолда бірнеше рет тоқтадық. ♦She brought the car to a stop. – Ол машинаны тоқтатты. ♦Work has temporarily come to a stop. – Жұмыс уақытша тоқтады. ♦It is time to put a stop to the violence. – Бұзақылықты тоқтататын уақыт болды. 3. (also full ∼, full point) (all BrE) (NAmE period) нүкте, ( . ) белгісі 4.орган (муз-қ аспап) түтіктері қатары 5. органның (муз-қ аспап) дыбыс бақылайтын тұтқасы 6. = plosive 7. (idm) *come to a full stop мүлде тоқтау *in stops and starts | by/in fits and starts [қ-з: fit (С6)] *pull out all the stops [қ-з: pull (А16)]