storm [stɔːm] A.n 1.дауыл, құйын ♦fierce/heavy/severe/violent storms – өршеленген/ ауыр/ озбыр/ аласұрған дауыл ♦Winter storms swept the coasts. – Қысқы дауыл жағаның бәрін жайпап өтті. ♦Her home was hit by two tropical storms. – Үйі екі тропикалық дауылдың астында қалды. ♦A few minutes later the storm broke. – Бірнеше минуттан соң дауыл басталды. ♦I think we're in for a storm. – Дауыл болатын сияқты. ♦storm damage – дауылдан болған зиян/ зардап ♦She had to brave an ice storm to get to the interview. – Интервью алу үшін оның аяз үскірген дауылға шыдауы керек болды. ♦(ауысп мағ) His comments created a storm of protest in the media. – Оның сөздерінен медиада наразылық дауылы туды. ♦(ауысп мағ) A political storm is brewing over the prime minister's comments. – Премьер-министрдің сөздеріне бола саяси дауыл быжып/ үйіріліп келеді. ♦(ауысп мағ) a storm of applause – ду/ дүркірей қол шапалақтау 2. (idm) *any port in a storm [қ-з: port (А5)] *the calm before the storm [қ-з: calm (В2)] *cook, dance, etc. up a storm (informal) құлшына/ барын сала істеу *a storm in a teacup (BrE) (NAmE a tempest in a teapot) жоқ нәрсеге долдану/ -ге бола уайымдау *take smth/smb by storm өте сәтті/ табысты болу ♦The play took London by storm. – Пьеса Лондонда өте табысты болды. B.v 1.лап қою, баса-көктеп/ бұза-жара кіру ♦∼ smth Police stormed the building and captured the gunman. – Полиция үй-жайға баса-көктей кіріп, қарулы немені ұстады. ♦The embassy was stormed by demonstrators. – Елшілікке демонстранттар баса-көктей кірді. ♦∼ into smth Soldiers stormed into the city at dawn. – Таң ағара әскерлер қалаға лап қойды. 2. (ашу-ыза ж) бұрқ-сарқ ету, бұрқылдау, тарсылдату, гүжілдеу, тб ♦She stormed into my office waving a newspaper. – Ол кеңсеме бір газетті шошаңдатып бұрқ-сарқ ете кіріп келді. ♦He burst into tears and stormed off. – Ол жылап жіберді де тарсылдатып шығып кетті. ♦(ауысп мағ) ‘Don't you know who I am?’ she stormed. – «Менің кім екенімді білесіңдер ме?» деді ол гүжілдей.