straight [streɪt] A.adv (straighter, straightest) 1.тура, түзу, тік, тіке, төте ♦Keep straight on for two miles. – Екі миль тура/ түзу жүр. ♦Can you stretch your arms out straighter? – Қолдырың(ыз)ды түзуірек соза аласың(ыз) ба? ♦He was too tired to walk straight. – Ол төте барғанға болдырған еді./ Ол болдырғандықтан төте жүре алмады. ♦I can't shoot straight. – Көздеп ата алмаймын. ♦She looked me straight in the eye. – Ол көзіме тіке қарады. 2.бірден, тура, төте, тіке ♦Come straight home after school. – Сабақтан соң бірден үйге кел/ тарт. ♦I was so tired I went straight to bed. – Шаршағаным соншама, бірден жатып қалдым. ♦She went straight from college to a top job. – Колледжден соң ол бірден мықты жұмысқа тұрды. ♦I'll come straight to the point - your work isn't good enough. – Бірден мәселеге көшейін – жұмысың онша емес. 3.тік; дұрыс ♦Sit up straight! – Тік отыр! ♦She pulled her hat straight. – Ол қалпағын түзеді. 4.шын, тура, ашық ♦I told him straight that I didn't like him. – Жақтырмайтынымды оған ашық айттым. 5.үздіксіз, дамылсыз ♦They had been working for 16 hours straight. – Олар он алты сағат бойы үздіксіз жұмыс істеді. 6. (idm) *(straight) from the horse’s mouth [қ-з: horse (A4)] *go straight (informal) қылмысты өмірін тоқтатып, дұрыс жолға түсу *hit smb (straight/right) in the eye [қ-з: hit (А12)] *play it straight шыншыл/ тура болу *straight away (syn: at once) бірден, іле-шала, кешіктірместен ♦I'll do it straight away. – Бұны дәл қазір істеймін. *straight from the shoulder [қ-з: shoulder (А7)] *straight off/out (informal) бірден, іркілместен ♦She asked him straight off what he thought about it all. – Ол одан осының бәрі жайлы не ойлайсың(ыз) деп бірден сұрады. *straight up (BrE, informal, becoming old-fashioned) біреуден оның айтқаны рас па деп сұрғанада қолд; айтқанының дұрыс екенін нығарлай білдірденде қолд ♦I saw it - straight up! – Мен көрдім – расы осы! *think straight анық/ нақты ойлау ♦The drugs were affecting her and she couldn't think straight. – Дәрі/ Есірткі оған әсер ете бастаған – дұрыс ойлай алмады. B.adj (straighter, straightest) 1.түзу, тура, тік ♦a straight road – түзу жол ♦long, straight hair – ұзын, түзу шаш ♦a boat sailing in a straight line – түзу/ тура бара жатқан қайық ♦straight-backed chairs – арқалығы тік орындықтар/ креслолар ♦Keep the car straight when you're backing out. – Артқа бергенде машинаны түзу ұста. ♦a straight punch to the face – бетке тура соққы 2.түзу. дұрыс, тегіс ♦Is my tie straight? – Галстугым түзу ме? ♦He stepped back to make sure that the picture was straight. – Ол кері шегініп, суреттің дұрыс ілінгенін тексерді. ♦Her teeth were white and perfectly straight. – Тістері ақ және мінсіз тегіс/ түзу еді. 3. (киім ж) тік, денеге жабыспаған ♦a straight skirt – тік юбка 4.таза, жинақы ♦It took hours to get the house straight. – Үйді тазалап, реттеуге бірнеше сағат кетті. 5.шын, рас, тура, нақты, дәл ♦I expect a straight answer to a straight question. – Нақты сұраққа нақты жауап күтемін. ♦∼ with smb I don't think you're being straight with me. – Маған шын/ рас айтып тұрсың деп ойламаймын. ♦It's time for some straight talking. – Ашық сөйлесетін уақыт болды. ♦You can trust Ben - he’s (as) straight as a die. – Бенге сенсең(із) болады – ол қашан да шын(ын) айтады. 6.әшейін, нақты, тура, не олай, не былай ♦It was a straight choice between taking the job and staying out of work. – Не жұмысқа тұру керек болды, не жұмыссыз отыру керек болды. ♦(BrE) The election was a straight fight between the two main parties. – Сайлау екі ірі партия арасындағы сайыс болды. 7.драма театры(на қатысты) 8.қатарынан, арты-артынан (syn: consecutive) ♦The team has had five straight wins. – Команда қатарынан бес рет жеңді. 9. (BrE also neat) таза, қоспасыз 10. (informal) (адам ж) кәдімгі, әншейін, жалықтыратын 11. (informal) = heterosexual, «түзу» (яғни, гомосексуалист емес) (opp: gay) 12. (idm) *get smth straight төте/ тура/ нақты/ ашық сөйлеу/ айту ♦Let's get this straight - you really had no idea where he was? – Нақты сөйлейікші – оның қайда екенін білмедің ғой? *put/set the record straight тура/ анық/ нақты айту ♦To put the record straight, I do not support that idea and never have done. – Нақты айтсам, идеяны/ ойды қолдамаймын, (ешқашан) қолдаған емеспін. *put/set smb straight (about/on smth) біреудің қатесін түзеу; біреуге дұрыс ақпар беру ♦She soon set me straight about what had happened. – Біраздан соң ол маған не болғаны жөнінде толық ақпар берді. *ramrod straight | (as) straight as a ramrod [қ-з: ramrod (2)] *the straight and narrow (informal) тура/ ар-ожданға сай өмір сүру ♦His friends try to keep him on the straight and narrow. – Достары оны тура жолдан тайдырмауға тырысады. *a straight face беті бүлк етпеген, бедірейген *(earn/get) straight A’s (especially NAmE) үздік оқу, бәрін беске білу ♦a straight A student – үздік оқушы C.n 1. (informal) «түзу», гетеросексуал, кәдімгі адам (яғни, гомосексуалист емес) ♦gays and straights – гейлер мен түзулер 2. (NAmE also straightaway) (бұрылысы жоқ) түзу жол