strain [streɪn] A.n 1.қиындық, ауыртпалық, қысым, салмақ, кілтипан ♦The transport service cannot cope with the strain of so many additional passengers. – Соншама қосымша жолаушылар тасу қиындығын транспорт/ көлік қызметі көтере алмайды. under  Their marriage is under great strain at the moment. – Олардың некесі қазір қиын жағдайда. ♦∼ on smth These repayments are putting a strain on our finances. – Бұл өтем төлемдері қаржымызға салмақ салуда. There are strains in the relationship between the two countries. – Екі ел арасындағы байланыстарда кілтипандар бар. 2.қысым, қиындық, салмақ ♦You will learn to cope with the stresses and strains of public life. – Қоғам тіршілігіндегі қысым мен қиындықтарға көндігуге үйренесің(із). I found it a strain having to concentrate for so long. – Ұзақ уақыт шұқшиған мен үшін қиын болды. Relax, and let us take the strain. – Жә, қиналма, саған көмектеселік. 3. салмақ, қысым, ауырлық ♦under the  The rope broke under the strain. – Арқан салмаққа шыдай алмай, үзілді. ♦∼ on smth You should try not to place too much strain on muscles and joints. – Бұлшық ет пен буындарың(ызғ)а тым көп күш салмауға тырысуың(ыз) керек. The ground here cannot take the strain of a large building. – Бұл жерде топырақ үлкен үй-жайды(ң салмағын) көтере алмайды. The cable has a 140kg breaking strain. – Кабельдің шыдам шегі – 140 кг. 4. сырқаттық, дімкәстік, жарақат, кінәрат, кілтипан ♦a calf/groin/leg strain – балтыр/ шап/ аяқ дімкәстігі/ сырқаты muscle strain – бұлшық ет сырқаты 5. өсімдік/ ауру, тб түрі (вид болезни, растения, и др) ♦a new strain of mosquitoes resistant to the poison – уға төзімді шіркейлердің жаңа түрі This is only one of the many strains of the disease. – Бұл - осы аурудың көптеген түр(лер)інің бірі ғана. H5N1 is a strain of avian influenza. - H5N1 – құс тұмауының бір түрі. 6.қасиет, сапа, мінез қыры (syn: streak) ♦He had a definite strain of snobbery in him. – Оның бойында бір жарамсақтық қасиет болды. 7. (formal) дыбыс, дауыс ♦She could hear the strains of Mozart through the window. – Терезеден оған Моцарт музыкасының үні естілді. 8. (idm) *creak under the strain «салмақ көтере алмай шықырлау», қысымға/ қиындыққа шыдай алмау B.v 1. ∼ smth/yourself (тым күшеніп, салмақ салып өзін) жарақаттау, ауырту ♦to strain a muscle – бұлшық етін ауырту You’ll strain your back carrying those heavy suitcases. – Ана ауыр чемодандарды тасып, арқаңды ауыртасың. 2.шұқшию, күшену, үңілу, тесілу (үңілу мағынасында) ♦∼ smth to do smth I strained my ears to catch what they were saying. – Олардың не айтып жатқанын естимін деп құлағымды ауырттым. ♦∼ smth Necks were strained for a glimpse of the stranger. – Бөтен адамды көрмек болып талай жұрт мойнын созды. ♦∼ to do smth People were straining to see what was going on. – Не болып жатқанын көру үшін жұрт шұқшиды. ♦∼ (smth) (for smth) He burst to the surface, straining for air. – Ауа жұтпақ болып ол басын сүңгіте шығарды. Bend gently to the left without straining. – Күшенбей, солға жұмсақ иіл. 3. ∼ smth қиындық туғызу, салмақ салу, қысым жасау ♦The sudden influx of visitors is straining hotels in the town to the limit. – Келушілердің күтпеген жерден ағылуы қала қонақ үйлеріне барынша салмақ салуда. His constant complaints were straining our patience. – Оның үздіксіз шағымы жүйкемізге тиюде. The dispute has strained relations between the two countries. – Дау екі ел арасындағы байланыстарды шиеленістіруде. 4.керу, тарту; жұлқу ♦She strained against the ropes that held her. – Ол өзін ұстап тұрған арқанға асылды/ сүйенді. The dogs were straining at the leash, eager to get to the park. – Иттер паркке тез жетпек болып, бауларын жұлқыды. 5. (кепсермен, тб) сүзу, іріктеу, бөлу ♦∼ smth Use a colander to strain the vegetables. – Кепсермен көкөністі сүз. Strain the juice from the cherries into a small saucepan. – Шие сөлін/ шырынын кішкентай кастрөлге сүзіп құй. ♦∼ smth off Strain off any excess liquid. – Артық сұйықтықты сүзіп шығар. 6. (idm) *strain at the leash ​(informal) «(ит ж) (өз) бауын жұлқу», бірн-ні өте қалау, құлшыну, құштар болу ♦Like all youngsters, he's straining at the leash to leave home. – Барлық жас(тар) секілді, ол да үйден тез кеткісі келеді. *strain every nerve/sinew (to do smth) [қ-з: nerve (А5)]