strange [streɪndʒ] adj (stranger, strangest) 1.біртүрлі, бірқызық ♦A strange thing happened this morning. – Бүгін ертемен бірқызық жайт болды. ♦He had a strange feeling that he had seen her somewhere before. – Онда оны бұрын бір жерде көргендей біртүрлі сезім болды. ♦This may seem strange but it's the truth. – Біртүрлі көрінсе де, бұл – рас. ♦∼ (that)… It’s strange (that) we haven’t heard from him. – Оның хабарласпағаны қызық екен. ♦That's strange - the front door's open. – Қызық екен – алдыңғы есік ашық тұр. ♦There was something strange about her eyes. – Көздері біртүрлі болып тұрды. ♦She was looking at me in a very strange way. – Ол маған біртүрлі қарап тұрды. ♦Strange to say, I don't really enjoy television. – Қызық естілер, телевизорға қызықпаймын. 2.бөтен, бейтаныс, бөгде, жат ♦I am still a stranger in a strange land. – Бөтен жерде әлі бөтенмін. ♦She woke up in a strange bed in a strange room. – Ол бөтен төсекте, бөтен бөлмеде оянды. ♦Never accept lifts from strange men. – Бөтен адамдардың машинасына ешқашан отырма. ♦∼ to smb At first the place was strange to me. – Алдымен ол жерді жатырқадым. 3. (idm) *feel strange ыңғайсыз/ жайсыз сезіну ♦She felt strange sitting at her father's desk. – (Өз) әкесінің столында отырғанына ол ыңғайсызданды. ♦It was terribly hot and I started to feel strange. – Аптап ыстық еді, жайсыз сезіне бастадым. *funny strange/weird (US) (BrE funny peculiar) [қ-з: funny (8)] *truth is stranger than fiction (saying) «шындық фантастикадан да таңғаларлық», шын өмірдегі оқиғалар кейде ойдан құрастырғандардан гөрі таңғаларлық