stray [streɪ] A.v 1. адасу, ауу, сенделу, сандалу, қаңғу, кезу, маңу ♦I strayed a few blocks in the wrong direction and became hopelessly lost. – Теріс бағытта бірнеше блок жүргеннен кейін, мүлде адастым. ♦He can’t have strayed far. – Ол алысқа аумаған/ кетпеген болар. ♦Her eyes kept straying over to the clock on the wall. – Көзі қабырғадағы сағатқа ауа берді. ¨His hand strayed to the telephone. – Қолы телефонға ауды. ♦(ауысп мағ) My mind kept straying back to our last talk together. – Ойым соңғы рет болған өзара әңгімемізге ауа берді. ♦(ауысп мағ) We seem to be straying from the main theme of the debate. – Дебаттың басты тақырыбынан ауып бара жатқан сияқтымыз. 2. (үйленген адам ж) басқа біреумен ойнастық қатынаста болу ♦Were you ever tempted to stray when you were away from home? – Үйден алыс болған кезіңде басқаларға қырындағың келіп пе еді? B.adj, n 1. (үй жануарлары ж) қаңғыбас, қаңғыған ♦stray dogs – қаңғыбас иттер 2. (оқ ж) қаңғыған; (басқа заттар ж) бөлектенген ♦A civilian was killed by a stray bullet. – Бейбіт тұрғын қаңғыған оқтан өлген. ♦a few stray hairs – түскен бірнеше шаш