streak [striːk] A.n 1.сызық, айғыз, жолақ, тарам ♦There was a streak of blood on his face. – Бетіне жағылған қан (ізі) болды. ♦She had a few streaks of grey in her black hair. – Қара шашында бірнеше тал боз шаш болды. ♦The sooty rain left dirty streaks on the window. – Қара күйе жауын терезені айғыздапты. ♦streaks of sunlight – шашақ сәуле 2.қасиет, мінез ♦a ruthless/vicious/mean streak – қатал/ қатігез/ қытымыр мінез ♦a streak of cruelty - қатігездік 3.қатарынан болған табыстар не сәтсіздіктер, табыстар не сәтсіздіктер тізбегі ♦a streak of good luck – қатарынан/ арты-артынан жолы болу ♦to hit a winning streak – қатарынан бірнеше дүркін жеңу ♦to be on a winning/losing streak – арты-артынан жеңіп/ жеңіліп жату ♦a lucky/unlucky streak – қатарынан жолы болу/ болмау B.v 1.жолақ-жолақ/ тарам-тарам ету, айғыздау, сызып кету, тб ♦∼ smth Tears streaked her face. – (Аққан) жас бетін айғыздады. ♦She's had her hair streaked. – Ол шашын жол-жол етіп бояды. ♦∼ smth with smth His face was streaked with mud. – Бетін балшық айғыздапты. ♦The sunset streaked the sky with brilliant colours. – Батқан күн аспанды гауһар шашақтарға бөледі. 2.шапшаң қозғалу, ызғыту (syn: speed) ♦A car pulled out and streaked off down the road. – Машина шықты да көшемен ызғыта жөнелді. ♦A police car streaked by, lights flashing. – Жарығын жарқылдата полиция машинасы құйғыта өтті. 3. (informal) жұрт алдында тыр жалаңаш жүгіру