stress [stres] A.n 1.стресс, торығу, торығыс, түңілу, налу, күйзелу, күйзеліс ♦emotional/mental stress – көңіл-күй/ ақыл-ес торығуы, эмоциялық стресс, ақыл-ес стресі ♦to suffer from stress – стрестен/ торығуден қиналу ♦to relieve/reduce/alleviate stress – стресті/ торығуды азайту/ басу/ жеңілдету ♦under ∼ Things can easily go wrong when people are under stress. – Адамдар стреске/ торығуға душар болған кезде іс(тің) оңай бүлінуі мүмкін. ♦The incident has caused enormous stress and anxiety to my family. – Оқиға семьямды/ үй-ішімді орасан зор торықтырып, уайымға салды. ♦She failed to withstand the stresses and strains of public life. – Ол қоғам өмірінің ауыртпалықтарын көтере алмады. ♦stress-related illnesses – стрестен/ түңілуден болатын аурулар/ дерттер ♦stress management – стресті игеру 2.салмақ, қысым, күш, ауырлық, әсер ♦∼ on smth When you have an injury you start putting stress on other parts of your body. – Жарақаттанған кезде адам салмақты басқа дене мүшелеріне салады. ♦Little is known about the effects of water stress on plants. – Судың өсімдіктерге түсіретін қысымының әсерлері туралы дерек аз. ♦The building was condemned because of the damage caused by excessive heat stress. – Тым ыстықтың әсерінен болған нұқсан үй-жайды біржолата бүлдірді. ♦Different organisms react differently to environmental stress. – Түрлі организмдер қоршаған ортаның қысымына түрліше жауап қатады. ♦a stress fracture of the foot – табанның қысымнан/ салмақтан шытынауы 3. (phonetics) екпін, стресс (ударение) ♦∼ on smth There's a stress on the second syllable. – Екінші буында екпін бар. 4. ∼ (on smth) баса назар аудару, ерекше көңіл бөлу ♦She lays great stress on punctuality. – Ол мұқияттыққа баса назар аударады. 5.екпін, екпінмен дыбыстау/ айту 6. (қажығаннан/ қиналғаннан болған) ауру ♦Those most vulnerable to heat stress are the elderly. – Ыстықтан көбінесе қарттар ауырады. B.v 1. ∼ smth екпінмен дыбыстау/ айту ♦You stress the first syllable in ‘happiness’. - ‘Happiness’ сөзінде екпін бірінші буынға түседі. 2. баса назар аудару, ерекше көңіл бөлу ♦∼ smth He stressed the importance of a good education. – Ол жақсы білімнің маңызды екенін баса айтты. ♦She stressed the need for cooperation with the authorities. – Ол билік орындарымен әрекеттесу қажет екенін баса айтты. ♦I must stress that everything I've told you is strictly confidential. – Саған/ Сізе айтқанымның бәрінің өте құпия екенін ерекше айтып өтуге тиіспін. ♦it is ∼ed that… It must be stressed that this disease is very rare. – Бұл аурудың өте сирек екенін айтып өткен жөн. 3.торығу, түңілу, уайымдау, қобалжу, қалжырау ♦I just need to get some sleep and stop stressing. – Ұйықтап, торыққанымды басуым қажет. ♦∼ out I try not to stress out when things go wrong. – Іс бүлінсе түңілмеуге тырысамын. ♦∼ smb (out) Driving in cities really stresses me (out). – Қалада көлік айдаған мені діңкелетеді.