stretch [stretʃ] A.v 1. ∼ (smth) соз(ыл)у, тарт(ыл)у ♦Is there any way of stretching shoes? – Аяқ киімді созатын амал бар ма? ♦Stop stretching your sleeves like that! – Өйтіп жеңіңді тартпа/ созба! ♦This sweater has stretched. – Мына свитер созылып кетіпті. 2. (киім ж) созылу, кеңею ♦The jeans stretch to provide a perfect fit. – Джинсы созылып, жарасатын болады. 3.созу, керу, тарту ♦∼ smth Stretch the fabric tightly over the frame. – Матаны рамаға/ қаңқаға тартып кер. ♦∼ smth Make sure that the rope is stretched tight. – Арқанның қатты керілгенін тексер. 4. (қол-аяғын, денесін) керу, созу, (бойын) жазу ♦He stretched and yawned lazily. – Ол керіліп, бойкүйез есінеді. ♦Andrea turned out the light and stretched full-length on the bed. – Андреа жарықты сөндіріп, төсегінде қол-аяғын барынша керді. 5. (қолын не аяғын, денесін бірнәрсе алу үшін, тб) созу ♦She stretched across the table for the butter. – Майды алу үшін ол столдың әр жағынан созылды. ♦She stretched up to reach the top shelf. – Үстіңгі сөреге жету үшін ол созылды. ♦I stretched out a hand and picked up the book. – Қолымды созып, кітапты алдым. 6. (пәлен жерге дейін) созылу, жайылу, жазылу, созылып жату (syn: extend) ♦Fields and hills stretched out as far as we could see. – Алқаптар мен жоталар көзіміз жеткен жерге дейін созылып жатты. ♦The traffic jam seemed to stretch for miles. – Көлік кептелісі талай мильге созылғандай көрінді. ♦The flat landscape stretched to the horizon. – Жазық көкжиекке дейін созылып жатты. ♦Beyond the mountains stretches a vast desert. – Таудан соң үлкен шөл басталады. 7. (уақыт бойынша) созылу, жалғасу, бастау алу, басталу ♦The town's history stretches back to before 1500. – Қала тарихы 1500 жылдан бұрын басталады. ♦to stretch back years/decades/generations/centuries – жылдар/ ондаған жылдар/ ұрпақтар/ ғасырлар бойы жалғасу/ созылу ♦The training stretches over a period of 16 months. – Жаттығу 16 ай жалғасады. ♦Endless summer days stretched out before us. – Алдымызда ұзақ-сонар жазғы күндер жатты. ♦The talks look set to stretch into a second week. – Келіссөздер екінші аптаға өтетіндей. ♦The future stretched out endlessly in front of me. – Алдымда болашақ/ келешек жазылып жатты. 8. ∼ (to smth) (ақша ж) жету, жеткілікті болу ♦I need a new car, but my savings won't stretch to it. – Маған жаңа машина керек, алайда ақшам жетпейді. 9. ∼ smb/smth ауыр тию, қинау, салмақ салу, тб ♦The pandemic has stretched healthcare resources to the limit. – Пандемия денсаулық саласы ресурстарын ту-талақай етті. ♦The budget is already stretched to breaking point. – Бюджет қазірдің өзінде ілініп-салынып әрең тұр. 10. ∼ the lead (to smth) басымдығын/ ұпайын, тб арттыру ♦A minute later, Kelly stretched their lead to eight points. – Бір минуттан соң Келли басымдығын сегіз ұпайға жеткізді. 11. ∼ smb/smth шеберлігін/ ақылын ашу/ пайдалану ♦I need a job that will stretch me. – Шеберлігімді ашатын/ көрсететін жұмыс керек. ♦She was never really stretched at school. – Мектеп оның шеберлігін дұрыстап ашпады. ♦The book really stretches your imagination. – Кітап шынымен де қиялға дем береді. 12. ∼ smth бұрмалаңқырау ♦He admitted that he had maybe stretched the truth a little. – Ол шындықты сәл бұрмалаңқырағанын мойындады. 13. (idm) *bend/stretch the rules [қ-з: bend (А3)] *stretch your legs (informal) «аяғын созу», біраз отырған соң жүріп қайту ♦It was good to get out of the car and stretch our legs. – Машинадан шығып, біраз жаяу жүргеніміз жақсы болды. *stretch a point [қ-з: point (А20)] 14. (phr v) *stretch out | stretch yourself out созыла/ қол-аяғын соза жату/ұйқыға кету ♦He stretched himself out on the sofa and fell asleep. – Ол диванға созыла жатты да ұйқыға кетті. B.n 1. ∼ (of smth) алап, тұс, жер, бөлік ♦a particularly dangerous stretch of road – жолдың ерекше қауіпті алабы/ тұсы ♦an unspoilt stretch of coastline – су жағасының бұзылмаған тұсы ♦You rarely see boats on this stretch of the river. – Өзеннің осы тұсында қайық сирек ұшырасады. 2.кезең, уақыт (syn: spell) ♦They worked in four-hour stretches. – Олар төрт сағаттап істеді. ♦at a ∼ She used to read for hours at a stretch. – Ол тоқтамастан сағаттап кітап оқитын. 3. (informal) (қылмыс жасап) абақтыда/ түрмеде өткізген уақыт ♦He did a ten-year stretch for fraud. – Ол алаяқтығы үшін он жыл отырып шықты. 4. (қол-аяғын, денесін) керу, созу, (бойын) жазу ♦We got out of the car and had a good stretch. – Машинадан шығып, бойымызды жаздық. ♦Only do these more difficult stretches when you are warmed up. – Бойды қыздырып барып қана денені күрделі созса болады. 5.созыла алушылық, созылатын материал, тб ♦You need a material with plenty of stretch in it. – Саған көп созылатын материал керек. ♦stretch jeans – созылатын джинсы 6.жарыстың соңғы бөлігі, мәреге жақын қалған тұс (syn: straight) ♦the finishing stretch – ақырғы бөлік ♦(figurative) The campaign has entered its final stretch. – Науқан/ Кампания өзінің соңғы кезеңіне өтті. 7. (idm) *at full stretch аянбай, барын сала, жанталаса ♦Fire crews have been operating at full stretch. – Өрт сөндірушілер жанталаса істеп жатты. *not by any stretch of the imagination | by no stretch of the imagination «қиялдасаң да шын/ рас емес», мүлде шын/ рас емес ♦She could not, by any stretch of the imagination, be called beautiful. – Қалай айтса да, ол әдемі емес еді.