stricken [ˈstrɪkən] adj (formal) 1.душар болған, шалдыққан, (жайсыз нәрсеге) ұшыраған ♦She raised her stricken face and begged for help. – Ол шарасыз жүзін көтеріп, көмек сұрап жалбарынды. ♦We went to the aid of the stricken boat. – Тұрып қалған қайыққа көмектесуге бардық. ♦Whole villages were stricken with the disease. – Ауруға талай ауыл толықтай шалдыққан. ♦He was stricken by a heart attack on his fiftieth birthday. – Елу жасқа толғанда жүрек талмасына шалдықты/ инфаркт болды. 2. (бірн-ден) азап шеккен, қиналған ♦poverty-stricken families – кедейліктен азап шеккен үй-ішілер