strike [straɪk] A.v (pt, pp struck [strʌk]) 1. (formal) соғ(ыл)у, ұр(ыл)у, түю, тию, қағу, салу, (бір) қою, (бір) беру/ перу, тебу ♦∼ smb/smth The ship struck a rock. – Кеме жартасқа соғылған/ ұрылған., Кеме жартасты соққан. ♦The man ran into the road and was struck by a car. – Кісі жолға жүгіріп шыққанда, машина (оны) қаққан. ♦The tree was struck by lightning. – Ағашқа жай түскен. ♦Warplanes struck several targets in the city. – Ұрыс ұшақтары қаладағы бірнеше нысананы түйді. ♦∼ smb/smth He fell, striking his head on the edge of the table. – Ол құлап, басын столдың қырына соққан/ ұрған. ♦He was struck in the head by a bullet. – Басына оқ тиген. ♦The stone struck her on the forehead. – Тас маңдайына тиген. ♦∼ against smth The oar struck against something hard. – Ескек бір қатты нәрсеге тиген. ♦∼ smb/smth She struck him in the face. – Ол оның бетінен бір қойды. ♦He struck the table with his fist. – Ол столды жұмырығымен бір қойды/ түйді. ♦Who struck the first blow? – Төбелесті кім бастады? ♦Did she ever strike you? – Ол сені ұрып па еді? ♦He struck her two blows on the leg. – Ол оның аяғынан екі (рет) тепті/ ұрды. ♦He walked up to the penalty spot and struck the ball firmly into the back of the net. – Ол пенальти нүктесіне келді де допты мығым теуіп кіргізді. ♦(ауысп мағ) The windows sparkled as the sun struck the glass. – Күн әйнекке түскенде терезелер жарқырады. 2.шабуылдау, бас салу, жармасу, ұмтылу ♦The lion crouched ready to strike. – Арыстан ұмтылмақшы болып жиырылды. ♦Police fear that the killer may strike again. – Полиция кісі өлтіруші тағы қылмыс жасауы мүмкін деп қорқады. ♦The guerrillas struck with deadly force. – Көтерілісшілер жойқын шабуыл жасады. 3. (қиын нрәсеге, пәлеге, тб) ұрыну, тап келу, душар болу, ұшырау ♦Two days later tragedy struck. – Екі күннен кейін қайғылы оқиға болды. ♦Disaster struck again when their best player was injured. – Үздік ойыншы жарақат алып, команда қиындыққа ұшырады. ♦∼ smb/smth The area was struck by an outbreak of cholera. – Ол жер тырысқаққа/ холераға шалдықты. 4.ойға сап ете түсу, аңыру, таңғалу, таңдану, сілею ♦∼ smb An awful thought has just struck me. – Бір сұмдық ой миыма сап ете түсті. ♦I was struck by her resemblance to my aunt. – Оның апайыма соншама ұқсастығына қайран қалдым/ таңдандым. ♦One thing that really struck me was how calm he appeared. – Оның соншама байсалды көрінгеніне таңғалдым. ♦it ∼s smb how, what, etc… It suddenly struck me how we could improve the situation. – Жағдайды қалай жақсарта алатынымыз туралы ой ойыма сап ете қалды. 5.ойға қалу, таңғалу, ойландырып тастау ♦∼ smb Another part of his comment struck me. – Оның пікірінің бір қыры мені ойға қалдырды. ♦∼ smb as smth His reaction struck me as odd. – Оның жауабы мені таңдандырды. ♦She strikes me as a very efficient person. – Оның іске ұқыптылығына таңғаламын. ♦How does the idea strike you? – Ойға/ Идеяға қалай қарайсың? ♦it ∼s smb that… It strikes me that nobody is really in favour of the changes. – Ешкімнің (де) өзгерісті қаламайтыны мені таңдандырады. 6.ереуілге шығу (бастовать) ♦Over 100 000 civil servants are set to strike on Tuesday. – Сейсенбіде жүз мыңнан аса мемлекеттік қызметкер ереуілге шықпақ(шы). ♦∼ over smth Drivers are threatening to strike over pay. – Жүргізушілер жалақыға бола ереуілге шығамыз дейді. ♦∼ for smth The union has voted to strike for a pay increase of 6%. – Кәсіподақ жалақыны 6%-ке көтеру үшін ереуілдеуге дауыс берді. ♦Striking workers picketed the factory. – Ереуілші жұмысшылар заводты пикеттеді. 7. ∼ smb уақытша белгілі бір күйге ену ♦to be struck dumb/deaf/blind – мылқиып/ естімей/ көрмей қалу 8. ∼ smth сіріңке тұтату/ тұтандыру/ жағу; екі нәрсені бір-біріне ұрып ұшқындату ♦to strike a match on a wall – сіріңке тұтандыру ♦The sword struck sparks off the stone floor. – Қылыш тас еденге тиіп, ұшқындатты. ♦The matches were damp and he couldn't make them strike. – Сіріңкелер дымқыл болғандықтан, тұтанбады. 9.шырылдап/ қоңырау соғып уақытты білдіру (syn: chime) ♦Did you hear the clock strike? – Сағаттың дыңылын/ соғысын естідің бе? ♦Four o’clock had just struck. – Сағат енді ғана төртті соқты. 10. ∼ smth муз-қ аспапта ойнау ♦She struck a chord on the piano and the children began to sing. – Ол пианино клавиштерін басқанда, балалар ән сала бастады. 11. ∼ smth кен орнын ашу/ табу ♦They had struck oil! – Олар мұнай тапты! 12.ызғыту, зымырау, заулау ♦We left the road and struck off across the fields. – Жолдан шығып алқаптар арқылы заулай бастадық. ♦He struck out towards the shore. – Ол жағаға қарай қатты жүзе бастады. ♦The German army struck deep into northern France. – Герман әскері Францияның солтүстігіне сұғына басып кірді. 13. (idm) *be struck by/on/with smb/smth (informal) әсер алу, қызығу, сүйсіну; өте жақсы көру ♦I was struck by her youth and enthusiasm. – Оның жастығы мен құлшынысына сүйсіндім. ♦We're not very struck on that new restaurant. – Ана ресторан пәлендей көңілімізден шыға қоймады. *drive/strike a hard bargain жақсы саудаласу/ келісу, байламға/ келісімге клеу *hit/strike home [қ-з: home (С3)] *hit/strike pay dirt (informal) кенет табысқа кенелу/ баю ♦The band really hit pay dirt with their last album. – Муз-қ топтың кейінгі альбомы табысқа кенелді. *hit/strike the right/wrong note [қ-з: note (А10)] *hit/strike the woodwork (BrE, informal) футболда доптың қақпаның ағаш жақтауына/ маңдайшаға тиюі (штанга болу) ♦She hit the woodwork twice before scoring. – Гол салар алдында оның соққысы екі рет жақтауға тиді. *lightning never strikes (in the same place) twice [қ-з: lightning (А2)] *sound/strike a note (of smth) [қ-з: sound (В7)] *strike a balance (between A and B) дәл ортасын табу, (бәрінің көңілінен шығатын) әділ шешім табу ♦We need to strike a balance between these conflicting interests. – Осы өзара кереғар мүдделер/ көздеген пайдалар арасының дәл ортасын табуымыз керек. *strike a bargain/deal (with smb/smth) байламға/ келісімге келу ♦Perhaps we could strike a bargain. – Мүмкін өзара келісерміз. ♦The United States has struck a historic deal with India. – Құрама Штаттар Индиямен тарихи келісімге келді. *strike a blow for/against/at smth бірн-ні қолдай не -ге қарсы әрекеттену ♦He felt that they had struck a blow for democracy. – Ол олардың демократия үшін қауқар қылғанын ұқты. *strike/touch a chord (with smb) жұртпен сөзі/ әңгімесі жарасу ♦The speaker had obviously struck a chord with his audience. – Сөз сөйлеушінің тыңдаушылармен сөзі жарасты. *strike fear, etc. into smb/smb’s heart (formal) біреудің жүрегіне үрей, тб ұялату ♦The sound of gunfire struck fear into the hearts of the villagers. – Атыс ауыл тұрғындарын үрейлендірді. *strike gold табысқа/ пайдаға кенелу ♦He has struck gold with his latest novel. – Оның кейінгі романы аса табысты болды. *strike it rich [қ-з: rich (10)] *strike (it) lucky [қ-з: lucky (4)] *strike a nerve (with smb) үлкен әсер ету ♦His work strikes a nerve with people who are attracted to nostalgia. – Оның еңбегі бұрынғыны сағынған адамдарға әсер етеді. ♦Nissan may well strike a popular nerve here. – Ниссан бұнда жұртқа көп ұнауы мүмкін. *strike a pose/an attitude [қ-з: pose (В3)] *strike while the iron is hot (saying) «темірді қызғанда соқ», оңтайлы сәтті пайдаланып қалу *within striking distance (of smth) өте жақын жерде, тас атым жерде ♦The beach is within striking distance. – Пляж тиіп тұр. 14. (phr v) *strike at smb/smth a) сермеу ♦He struck at me repeatedly with a stick. – Ол бірнеше рет маған таяқ сермеді. b) сермеу, соғу ♦to strike at the root of the problem – мәселенің тамырын қозғау ♦criticisms that strike at the heart of the party’s policies – партия саясатының өзегіне тиетін сындар *strike back (at/against smb) қарымта/ жауап әрекет ету/ соққы беру *strike smb down a) біреуді қатты ауырту/ ауруға душар ету; аурудан өлу ♦He was struck down with food poisoning. – Ол/Оның асқазаны уланып, ұшып түсті. b) біреуді соғып/ ұрып ұшырып түсіру/ құлату *strike smth down (especially NAmE) заңды заңсыз деп табу, заңды жою ♦The Supreme Court struck down a Texas state law. – Жоғарғы сот Техас штат заңын заңсыз деп тапты. ♦The law was struck down as unconstitutional. – Заңды конституцияға қайшы деп тапты. *strike smth off шауып тастау; ұрып/ соғып кетіру/ құлату ♦He struck off the rotten branches with an axe. – Ол шіріген бұтақтарды балтамен шауып тастады. *strike smb/smth off (smth) (also strike smb/smth from smth) тізімнен алып/ шығарып тастау ♦Strike her name off the list. – Оның аты-жөнін тізімнен сызып таста. ♦The doctor was struck off for incompetence. – Дәрігерді біліксіздігі үшін істетпей тастады. *strike out a) өз бетінше/ тәуелсіз бола бастау ♦I knew it was time I struck out on my own. – Өз бетімше күн көре бастайтын уақыттың болғанын ұқтым. b) (NAmE, informal) сәтсіз болу, сүріну, омақасу ♦The movie struck out and didn't win a single Oscar. – Фильм омақасып, бірде-бір Оскар/ жүлде алмады. *strike out (at smb/smth) a) (біреуге қол не аяғын) сермеп қалу, сермеу, қол жұмсау ♦He lost his temper and struck out wildly. – Ол ашуланып кетіп, қолын сермеп қалды. b) сынау, сынға алу ♦In a recent article she strikes out at her critics. – Жуырдағы мақаласында ол өзін сынағандардың өзін түйрейді. *strike smth out/through сызып тастау (syn: cross smth out/through) ♦The editor struck out the whole paragraph. – Редактор бүткіл бір параграфты сызып тастады. *strike up (with smth) | strike up smth (оркестр, тб ж) музыка ойнай бастау ♦The orchestra struck up and the curtain rose. – Оркестр ойнай бастағанда, шымылдық көтерілді. ♦The band struck up a waltz. – Муз-қ топ вальс ойнай бастады. *strike up smth (with smb) достаса/ қарым-қарынас орната/ әңгімелесе бастау ♦He would often strike up conversations with complete strangers. – Оның мүлде бөтендермен шүйіркелесе жөнелетіні бар. B.n 1.ереуіл (забастовка, стачка) ♦the miners'/firefighters'/teachers' strike – шахтерлер(дің)/ өрт сөндірушілер/ мұғалімдер ереуілі ♦a one-day strike – бір күндік ереуіл ♦Union leaders called a strike. – Кәсіподақ жетекшілері ереуілге шақырды. ♦Air traffic controllers are threatening to go on strike. – Авиация диспетчерлері ереуілге шығамыз деп қорқытуда. ♦Half the workforce are now (out) on strike. – Жұмыс күшінің жартысы ереуілде. ♦to come out on strike – ереуілге шығу ♦to vote to take strike action – ереуілге шығуға ұйғару ♦The student union has called for a rent strike. – Студенттер кәсіподағы наразылық ретінде жал құнын төлемеуге шақырды. 2.әскери соққы/ шабуыл ♦They decided to launch a pre-emptive strike. – Олар алдын орай соққы бермек болып шешті. ♦a military strike against the country – елге қарсы әскери соққы ♦to order missile strikes – ракетадан/ ракетамен соққы беруге бұйыру 3.соққы, соғу, тебу, тебіс ♦His spectacular strike in the second half made the score 2-0. – Оның керемет соққысы/ тебісі есепті екінші таймда/ жартыда 2-0 (екі де нөл) етті. 4. (кенет) мұнай кенін/ көзін ашу/ табу 5. ∼ (against smb/smth) (NAmE) осал тұс, осалдық, кемшілік, кінәрат ♦The amount of fuel that this car uses is a big strike against it. – Жұмсайтын жанармай мөлшері – осы машинаның осыл тұсы. 6. (idm) *three strikes and you’re out | the three strikes rule үшке дейінгі кезек, үш рет қылмыс жасағандар бірден абақтыға/ түрмеге жабылады