string [strɪŋ] A.n 1.жіп, бау ♦a piece/length/ball of string – жіп/ жіп ұзындығы/ жіп орамы ♦He wrapped the package in brown paper and tied it with string. – Ол қапшаны/ буманы қоңыр қағазбен орап, баумен/ жіппен байлады. ♦The key is hanging on a string by the door. – Кілт есік жанындағы жіпте ілулі тұр. 2.жіп, алқа; тізбек, тізбе ♦a string of pearls – маржан моншақ алқа ♦The molecules join together to form long strings. – Молекулалар бірігіп ұзын тізбектер түзеді. 3. ∼ of smth бірнеше нәрсе, тізбе(к) ♦The band had a string of hits in the nineties. – Муз-қ топтың тоқсаныншы жылдары бірнеше дүркін аты шыққан. ♦He owns a string of racing stables. – Оның бәйге аттар ұстайтын бірнеше қорасы бар. 4.әріптер/ сандар тізбегі ♦to key in/enter a search string - (компьютерге) іздейтін нәрсенің атауын енгізу/ теру 5.ішек (муз-қ аспаптың) (струна) ♦Play it on the G string. – Бұны G-ішекте ойна. 6. ∼s ішекті муз-қ аспаптар (струнные муз-е инструменты) ♦The opening theme is taken up by the strings. – Кіріспені ішекті аспаптар орындайды. 7. (ракеткаға тартылған) ішек 8. ∼s ерекше шарттар/ шектеулер (спец-е условия/ ограничения) ♦Major loans like these always come with strings. – Осы сияқты ірі қарыздарға/ кредиттерге ылғи арнайы шарттар тіркеледі. 9. (idm) *(tied to) smb’s apron strings «біреудің алжапқышының/ фартугының жіптеріне байланған», біреудің айтқанынан шықпайтын ♦The British prime minister is too apt to cling to Washington's apron strings. – Британия премьер-министрі Вашингтонның жетегінде жүруге тым бейім. *have another string/more strings to your bow (BrE) «садағының бірнеше адырнасы болу», бірнеше шеберлігі/ ебі/ жоспары болу ♦The exhibition shows that he has other strings to his artistic bow. – Көрме оның суретшілікпен қатар басқа да қасиеттерінің бар екенін көрсетеді. *how long is a piece of string? [қ-з: long (A8)] *pull strings (for smb) (NAmE also pull wires) [қ-з: pull (А16)] *pull the strings [қ-з: pull (А16)] B.v (pt, pp strung [strʌŋ]) 1. (безендіре) ілу, байлау ♦We strung paper lanterns up in the trees. – Қағаз шамдарды ағаштарға ілдік. ♦Flags were strung out along the route. – Жол бойына жалаулар ілінген. 2. ∼ smth жіпке моншақ, тб өткізу/ тізу (syn: thread) ♦She had strung the shells on a silver chain. – Седептерді ол күміс шынжырға өткізді/ тізді. ♦(figurative) carbon atoms strung together to form giant molecules – алып молекулалар түзу/ құрау үшін тізілген көміртегі атомдары 3. ∼ smth муз-қ аспапқа/ ракеткаға ішек тағу 4. (phr v) *string smb along (informal) бұлдану, наздану, алдау, ойнау ♦She has no intention of giving you a divorce; she's just stringing you along. – Оның сенімен ажырасқысы жоқ, әшейін бұлданғаны ғой. *string along (with smb) (BrE, informal) біреуге еру/ ілесу/ еріп бару ♦Do you mind if I string along with you? – Саған ілессем, қарсы емессің бе? *string smth out соза/ ұзарта түсу ♦They seem determined to string the talks out for an indefinite period. – Олардың қанша уақыт болса да келіссөзді соза бергісі келетін сияқты. *string smth together сөз(дер) құрау, айтатын бірнеше сөз табу ♦He managed to string together a few words of thanks. – Ол әйтеуір бірнеше сөз құрап рахмет айтты. *string smb up (informal) асып өлтіру C.adj 1.ішекті муз-қ аспаптардан құралған ♦a string quartet – ішекті аспаптар квартеті ♦a string player – ішекті аспапта ойнаушы 2.тоқыма, жіптен/ баудан тоқылған/ жасалған ♦a string bag/vest – тоқыма сөмке/ кеудеше