stroke [strəʊk] A.n 1. (таяқпен не ракеткамен жасаған) соққы ♦What a beautiful stroke! – Неткен әдемі соққы! ♦He played some powerful backhand strokes throughout the game. – Ойын барысында ол қолдың сыртымен бірнеше соққы жасады. 2. (қолмен, тб) соққы, таяқтау ♦His punishment was six strokes of the cane. – Оны алты рет дүре соғуға жазалады. 3. ∼ (of smth) әрекет, тб ♦Your idea was a stroke of genius. – Идеяңыз/ Ойыңыз – керемет. ♦It was a stroke of luck that I found you here. – Жолым болып, өзіңді осыннан таптым. ♦She never does a stroke (of work). – Ол тұяқ серппейді/ мүлде жұмыс істемейді. ♦I had a sudden stroke of inspiration. – Кенет мені шабыт қысты. 4. инсульт (мидағы қан тамырларының бірі жарылғанда не бітелгенде болатын ауыр науқас) ♦to have/suffer a stroke – инсультке ұшырау ♦The stroke left him partly paralysed. – Инсульттан ол жартылай сал/ параллич болып қалды. ♦Smoking increases the risk of stroke. – Темекі инсульт қаупін арттырады. 5. (жүзгенде, ескек ескенде, тб қол-аяқ) сермеу ♦She took a few more strokes to reach the bank. – Ол бірнеше рет қол-аяғын сермеп барып су жағасына жетті. ♦He swam with long powerful strokes. – Ол құлаштай сермей жүзді. 6.жүзу түрі/ стилі ♦Butterfly is the only stroke I can't do. – Бар білетін жүзуім – баттерфляй. 7. (ескекшілер қайығындағы) жетекші ескекші (загребной) 8. (especially BrE) сипау, сипалау ♦He gave the cat a stroke. – Ол мысықты сипады. 9. (қаламмен, щеткамен) сызу, түрту, сүйкеу; таңба, сызық ♦to paint with fine brush strokes – нәзік қылқаламмен/ кистьпен салу ♦At the stroke of a pen they removed thousands of people from the welfare system. – Қаламмен бір-ақ түртіп/ сызып, мыңдаған адамды әл-ауқат жүйесінен шығарды. 10.сағат соққысы, сағат қоңырауы соққысы ♦At the first stroke it will be 9 o'clock exactly. – Алғаш рет соққанда сағат дәл 9 болады. ♦on the stroke of three – сағат дәл үште/ сағат үшті соққанда 11. (idm) *at a (single) stroke | at one stroke шалт қимыл ♦They threatened to cancel the whole project at a stroke. – Олар бір-ақ сызып, бүткіл жобаны жаппақ болды. ♦They lost half their fortune at a stroke. – Олар әп сәтте байлығының жартысынан айырылды. *put smb off their stroke (BrE) біреудің сөзін, тб бөліп жіберу, килігіп кету, біреуді ірку ♦My speech was going well until I was put off my stroke by an interruption. – Жап-жақсы-ақ сөйлеп жатқанмын, бірақ аяқ астынан біреу бөліп жіберді. B.v 1. ∼ smth/smb сипау, сипалау ♦He's a beautiful dog. Can I stroke him? – Жақсы ит екен. Сипасам бола(ды) ма? ♦She stroked the cat absently. – Ол мысықты селқос сипалады. ♦He stroked her hair affectionately. – Ол оның шашын аялай сипады. ♦He stroked his beard thoughtfully. – Ол сақалын ойлана сипалады. ♦He stroked back his hair. – Ол шашын артқа сипады. 2. ∼ smth сипау, баяу қозғау, тб ♦She stroked away his tears. – Көз жасын сипай сүртті. ♦He stroked the ball between the posts. – Ол қақпаға допты баяу түрте салды. 3. ∼ smb (especially NAmE, informal) біреуге сыпайы болу