strong [strɒŋ] adj (stronger [ˈstrɒŋɡə(r)], strongest [ˈstrɒŋɡɪst]) 1.күшті, мықты, қуатты ♦He's strong enough to lift a car! – Оның машина көтере алатын күші бар! ♦strong muscles – күшті бұлшық еттер ♦She wasn't a strong swimmer. – Ол мықты жүзгіш емес еді. ♦Stay indoors in the middle of the day, when the sun is strongest. – Түсте, күн шақырайып тұрған кезде үйде бол/ қал. ♦a strong wind – күшті жел ♦a strong magnet/current – күшті магнит/ ағыс ♦a strong drug – күшті дәрі ♦a strong impression – күшті әсер ♦a strong leader – мықты жетекші/ лидер ♦a strong government – мықты үкімет ♦a strong evidence – мықты дәлел ♦You have a strong case for getting your job back. – Жұмысыңды кері алуға барлық жөнің бар. ♦a strong team – мықты команда ♦The proposal aroused strong opposition. – Ұсынысқа қарсылық қатты болды. ♦strong support for the government – үкіметті/ үкіметке деген мықты қолдау ♦People have strong feelings about this issue. – Осы мәселе жұрттың жанына қатты батады./ Бұл жұртты толғандырған мәселе. ♦a strong supporter of the government – үкіметтің мықты жақтасы/ жақтаушысы ♦a strong opponent – мықты қарсылас 2. the ∼ қуатты/ дәулетті адамдар 3.қатты; дәмі/ құрамы қанық; үлкен; керемет, орасан, тб ♦a strong smell – қатты (білінетін) иіс, қанық иіс ♦strong black coffee – қанық қара кофе ♦a strong voice – қатты (шығатын) дауыс ♦strong colours – қою/ қанық түстер/ реңктер ♦a face with strong features – кескінді/ мүсінді жүз ♦She spoke with a strong Australian accent. – Ол қатты білінетін австралиялық акцентпен сөйледі. ♦He was under strong pressure to resign. – Қызметтен кетіру үшін оған қатты қысым жасалды. 4.дәмі қанық, дәмі күшті (opp: mild) ♦strong cheese – дәмі қанық сыр (ірімшік) ♦You'll need to use plenty of strong French mustard. – Қанық француз қышасын (горчица) көп (қып) қолдануың керек. 5. (зат ж) қатты, берік, мықты, төзімді, шыдамды ♦The box looks strong enough. – Жәшік берік сияқты. 6. (кісі ж) мығым, мықты, табанды, мойымас, күшті, берік ♦You need strong nerves to ride a bike in London. – Лондонда велик айдау үшін жүйкең мықты болуы керек. ♦a strong sense of identity – мықты (мәдени, тб) келбет ♦It's difficult, I know. But be strong! – Қиын екенін білемін. Бріақ, мықты бол! ♦a strong personality – мықты адам ♦a strong will – берік жігер ♦We must stand strong in the face of adversity. – Қиын кезде мықты болуымыз керек. 7. (болу мүмкіндігі) жақсы, мықты, тсс ♦a strong candidate for the job – жұмысқа (тұруға) мықты кандидат ♦You're in a strong position to negotiate a deal. – Контрактіні өз пайдаңа жасайтын халің бар. ♦There's a strong possibility that we'll lose the game. – Бұл ойында ұтылуымыз әбден мүмкін. 8.берік, мықты, нық, орнықты, тамыры терең, тб ♦a strong marriage – мықты неке, берік семья ♦The college has strong links with local industry. – Колледжің жергілікті индустриямен тығыз байланысы бар. ♦I know that their relationship is growing stronger every day. – Олардың (өзара) байланыстарының күннен күнге нығайып бара жатқанын білемін. 9. (баға, экономика, тб ж) қымбат, мықты, тб ♦strong share prices – бағасы артып жатқан акциялар ♦a economic growth – мықты экономикалық өсім ♦The euro is getting stronger against the dollar. – Евро долларға шаққанда нығаюда. 10.жақсы, мықты, тб ♦The play has a very strong cast. – Пьесаның актерлар құрамы – мықты. ♦The actors give extremely strong performances. – Актерлер өте жақсы өнер көрсетті. ♦Mathematics was never my strong point. – Математикадан тегі мықты болған емеспін. 11.көп, тб ♦There was a strong police presence at the demonstration. – Демонстрацияда полиция көп болды. ♦Sales were surprisingly strong in the second half of the year. – Жылдың екінші жартысында сауда аяқ астынан артты. 12.сандардан кейін қолд ♦a 5 000-strong crowd – саны бес мың жұрт, бес мың адам ♦The crowd was 5 000 strong. – Жұрт(тың) саны бес мың еді. 13. (кісі ж) мықты, сау, аман-есен ♦These vitamins are meant to keep you healthy and strong. – Бұл витаминдер бойға әл, қуат береді. 14.ащы сөз; балағат сөз ♦The movie has been criticized for strong language. – Фильмді бейпілауыздығы үшін сынады. 15. irregular verb (ағылшын тіліндегі) бұрыс (етістік) (м: sing – sang – sung, strike – stuck – struck) 16. (idm) *be a bit strong (BrE, informal) біреудің айтқан сыны/ сөзі жөнсіздеу/ ащылау/ қаттылау, тб *smb’s best/strongest/winning card біреудің көзірі, біреудің мықты жағы *be strong on smth a) бірн-ге мықты/ жақсы болу ♦I'm not very strong on dates. – Мен күндерді есімде мықты сақтаймын. b) бірнәрсесі көп болу ♦The report was strong on criticism, but short on practical suggestions. – Баяндамада сын көп болғанымен, нақты практикалық кеңес аз болды. *be smb’s strong suit «біреудің мықты картасы», біреудің жақсы білетін нәрсесі ♦I'm afraid geography is not my strong suit. – География мені мықты тұсым емес-ау. *come on strong (informal) сезімін қатты білдіру; (қызға, тб) ашық қырындау *going strong (informal) аман-сау/ мықты/ табысты қалпында ♦My grandmother is 90 and still going strong. – Әжем тоқсанға келсе де, тың. ♦The business is still going strong. – Кәсіп жақсы аяқ алуда. *have a strong stomach [қ-з: stomach (А3)]