stronghold [ˈstrɒŋhəʊld] n 1.қорған, қамал, бекініс ♦The castle was an important royal stronghold for hundreds of years. – Бұл қамал жүздеген жыл(дар) бойы маңызды корольдік бекініс болды. ♦Troops surrounded the mountain stronghold of the guerrillas. – Әскерлер көтерілісшілердің таудағы қорғанын/ бекінісін қоршап алды. ♦(ауысп мағ) This valley is one of the last strongholds of the Siberian tiger. – Бұл алқап Сібір барыстарының соңғы паналарының бірі. 2.белгілі бір саяси партияны көп қолдайтын аймақ, жақтас аймақ, «бекініс» ♦a Republican stronghold/a stronghold of Republicanism – республикашылдардың бекінісі ♦The Labour Party retained its traditional stronghold in the north. – Лейбористік партия солтүстіктегі жақтас аймағын сақтай алды.