struggle [ˈstrʌɡl] A.v 1. арпалысу, жанталасу, жағаласу, айқасу, күресу, тіресу ♦life as a struggling artist – кедей әртістің арпалысқан өмірі ♦∼ for smth Shona struggled for breath. – Шона дем/ тыныс ала алмай жанталасты./ Шона алқынды/ демікті. ♦a country struggling for independence – тәуелсіздік алу үшін күресіп жатқан ел ♦∼ to do smth The firm is struggling to cope with the demand for its products. – Фирма өз өнімдеріне деген сұранысты толтыру/ өтеу үшін арпалысуда. ♦Local workers were still struggling to find employment. – Жергілікті жұмысшылар жұмыс табу үшін жанталасуда. ♦to struggle to survive – күнгөріс үшін арпалысу/ жанталасу ♦We're already struggling to keep up with demand. – Сұранысты толтыру үшін баяғыдан арпалысудамыз. ♦They struggled just to pay their bills. – Олар әшейін счеттарын төлеу үшін арпалысты. ♦She struggled for 10 years to achieve success as an actress. – Актриса ретінде табысқа жету үшін ол он жыл арпалысты. ♦I was unemployed and struggling financially. – Жұмыссыз едім, ақша жетпей арпалысып жүргенмін. ♦The housing market continues to struggle. – Үй-жай рыногы арпалысуда. ♦(ауысп мағ) I struggled up the hill with the heavy bags. – Ауыр қаптарды өрге сүйреп мықшыңдадым. ♦(ауысп мағ) She had to struggle into the tight dress. – Ол тар көйлекті күшеніп жатып киді. ♦We should all struggle against injustice. – Бәріміз де әділетсіздікпен күресуіміз керек. ♦(ауысп мағ) I have been struggling with injury for a couple of years. – Бұл жарақатпен екі жыл болды, арпалысып келемін. ♦(ауысп мағ) Lisa struggled with her conscience before talking to the police. – Полицияға айтпас бұрын Лиза (өз) санасымен арпалысты. ♦I struggled and screamed for help. – Мен төбелесіп/ айқасып, айқайлап көмек сұрадым. ♦James was hit in the mouth as he struggled with the raiders. – Джеймс өзіне тиіскен адамдармен төбелескен кезде аузына соққы тиді. 2.таласу, айқасу, арпалысу ♦rival leaders struggling for power – билік үшін таласқан/ айқасқан бақталас жетекшілер ♦countries struggling with each other for economic and military advantage – бір-бірінен экономика, әскери жағынан асып түсуге тырысып жатқан елдер 3. (phr v) *struggle along/on арпалысып/ жанталасып қоймау, қайтпау, беріспеу, доғармау ♦The business struggled along for some time. – Бизнес/ Кәсіп біраз уақыт арпалысты. ♦Life is hard but we all have to struggle on. – Өмір – қиын, алайда бәріміздің де күресуіміз керек. ♦She struggled on despite the pain. – Шаншыса да, ол жалғастыра берді. B.n 1.күрес, айқас, тірес ♦Marx wrote about the class struggle. – Маркс таптық күрес жайлы жазды. ♦a freedom struggle – азаттық күресі, азаттық үшін күрес ¨∼ for smth a struggle for independence – тәуелсіздік үшін күрес ♦Three teams are locked in a struggle for this year's title. – Биылғы чемпиондық атақ үшін үш команда (теке)тіресуде. ♦∼ against smth They took up the a struggle against racism. – Олар расизмге/ нәсілшілдікке қарсы күреске шықты. ♦∼ between A and B an ongoing power struggle between president and prime minister – президент пен премьер-министр арасында болып жатқан айқас ♦the struggle between good and evil – жақсылық пен зұлымдық арасындағы айқас 2.төбелес, айқас ♦After a short struggle, I managed to get the knife away from him. – Сәл төбелескен соң одан пышақты ала алдым. ♦He was involved in a struggle with the police. – Оның полициямен төбелеске қатысы болған. 3.тырысу, арпалысу, жанталасу (syn: effort) ♦∼ to do smth It was a real struggle to be ready on time. – Уақытында дайын болу үшін арпалыс болды. ♦They face an uphill struggle to get to the finals of the competition. – Сайыстың финалына жету үшін олардың аянбай арпалысуы керек.