strut [strʌt] A.v 1.кеудесін кере/ шірене/ шірей/ шікірейе жүру ♦The players strutted and posed for the cameras. – Ойыншылар камера алдында шірене суретке түсті. 2. (idm) *strut your stuff (informal) билеп не өлең айтып өзінің қабілетін таныту ♦strutting your stuff to the latest chart hits – кейінгі хиттерге билеп өзін көрсету B.n 1. (жіңішке темір не ағаш) тіреу, тірек, тіреуіш, жақтау ♦wheel struts - шасси тіреулері/ жақтаулары (стойки шасси) ♦The roof was supported on oak struts. – Төбені емен тіреулер тіреп тұр. 2. (disapproving) [қ-з: strut (А)] ♦She recognized his arrogant strut. – Ол оны шірене жүрісінен жазбай таныды.