stuck [stʌk] A.adj 1.тұрып/ бітеліп/ кептеліп/ жабысып/ қысылып/ тығылып/ қатып қалған ♦The wheels were stuck in the mud. – Дөңгелектер балшыққа батып/ тығылып қалды/ қалған. This drawer keeps getting stuck. – Тартпа қысылып қала береді. She got the key stuck in the lock. – Оның кілті құлпыға тұрып қалды. I can't get out - I'm stuck. – Шыға алмаймын – қысылып қалдым. The tiles were stuck firmly to the wall. – Кафельдер қабырғаға мықтап орныққан.We were stuck in traffic for over an hour. – Көлік нөпірінде бір сағаттан аса тұрып қалдық. I hate being stuck at home all day. – Күні бойы үйде қамалып отырғым келмейді. 2. ∼ (on smth) жауап бере алмау қалу; ұқпай қалу ♦I got stuck on the first question. – Бірінші сұраққа жауап таба алмай қалдым. I'll help you if you're stuck. – Түсінбей қалсаң, көмектесемін. 3. ∼ (for smth) іркіліп қалу, не істерін білмей қалу ♦If you're stuck for something to do tonight, come out with us. – Кешке не істеріңді білмесең, бізбен жүр. I've never known him to be stuck for words before. – Бұрын сөзден жаңылғанын көрмеппін. 4. ∼ with smb/smth (informal) біреуге/ бірн-ге «жабысып» қалған, біреуден құтыла алмаған ♦I was stuck with him for the whole journey. – Сапарда бастан-аяқ сонымен қосарласып жүрдім. I’m stuck with this job for the moment. – Әзірге осы жұмысқа қарап қалдым. 5. (idm) *be (stuck) in a [қ-з: groove (3)] *be (stuck) in a time warp қанша уақыт өтсе де, өзгермеген ♦Her whole house seems to be stuck in a time warp. It’s like something out of the 1950s. – Оның бүткіл үй-жайы құдды бір өткен уақытта қатып қалғандай. Бұл бір 1950 жылдардағыдай. *(caught/stuck) between a rock and a hard place[place: (A14)] *get stuck in | get stuck into smth (BrE, informal) апыл-ғұпыл жей бастау; құлшына кірісу ♦Don’t wait for me - get stuck in. – Маған қарама/ Мені күтпе – кірісе бер. I want to get stuck into the job as soon as possible. – Жұмысқа неғұрлым тезірек кіріскім келеді. *like a stuck record (BrE) (also like a broken record) [қ-з: record (А8)] B.v pt, pp of stick