stuff [stʌf] A.n 1. (informal) нәрсе ♦What's all that sticky stuff on the carpet? – Кілемдегі жабысқақ нәрселер не? The chairs were covered in some sort of plastic stuff. – Орындықтарға/ Креслоларға бір пластик нәрсені жауыпты. This wine is good stuff. – Бұл бір жақсы шарап екен. I don't know how you can eat that stuff! – Бұны қалай ғана жейтініңе таңғаламын. They sell stationery and stuff (like that). – Олар кеңсе товарларын және сол сияқты нәрселерді сатады. Where's all my stuff? – Бүткіл заттарым қайда? Peter's article had lots of interesting stuff in it. – Питердің мақаласында қызық(ты) нәрселер көп. There's still a lot of cool stuff happening in Manchester. – Манчестерде көптеген қызық нәрсе болып жатыр. I've got loads of stuff to do today. – Бүгін істейтін шаруам көп. I like reading and stuff. – (Кітап) оқығанды, тағы басқа, жақсы көремін. The band did some great stuff on their first album. – Муз-қ топ бірінші альбомын керемет шығарды. This is all good stuff. Well done! – Бұның бәрі жақсы екен. Дұрыс!/ Бәрекелді! I don't believe in all that stuff about ghosts. – Әруақтар туралы нәрселердің ешқайсысына сенбеймін. What's all this ‘Mrs Smith’ stuff? Call me Anna. – «Миссиз Смит» дегенің(із) не? Мені Анна де(ңіз). Parades and marches were the very stuff of politics in the region. – Парадтар мен марштар - аймақтағы саяси өмірдің көрінісі. Connor's story is the stuff of legend. – Коннордың әңгімесі - аңызға ұқсаған нәрсе. the stuff of dreams/nightmares – түстер/ жайсыз түстер жайлы нәрселер 2. (idm) *be made of sterner stuff [қ-з: stern (А3)] *don’t sweat the small stuff [қ-з: small (А3)] *do your stuff ​(informal) қолынан келетін не үйреншікті ісін істеу ♦Some members of the team are just not doing their stuff. – Топтың кейбір мүшелері өз міндеттерін дұрыс орындамайды. *kids’ stuff (BrE) (NAmE kid stuff) [қ-з: kid (А4)] *know your stuff [қ-з: know (А10)] *not give a stuff (BrE, slang) елемеу, бәрібір болу *strut your stuff [қ-з: strut (А2)] *stuff and nonsense [қ-з: nonsense (3)] B.v 1. (ішіне) салу, толтыру ♦She had 500 envelopes to stuff with leaflets. – 500 конверттің ішіне оның брошюра салуы керек болды. The fridge is stuffed to bursting. – Тоңазтқышты аузы-мұрнынан шығара толтырыпты. All the drawers were stuffed full of letters and papers. – Тартпалардың бәріне толтырып хат-қағаз салып тастаған. 2. ∼ smth сұға/ тыға/ сүңгіте салу (syn: shove) ♦She stuffed the money under a cushion. – Ақшаны ол жастықтың астына сүңгітіп жіберді. His hands were stuffed in his pockets. – Ол қалтасына қолдарын салып алған. Robyn quickly stuffed clothes into an overnight bag. – Робин киім-кешегін апыл-ғұпыл жол сөмкеге тыға салды. 3. ∼ smth бұрыштың/ тауықтың, тб ішіне басқа бір тағам салу, ішін толтыру ♦Are you going to stuff the turkey? – Түйетауықтың/ Үндіктің ішін (басқа тамақпен) толтырасың ба? stuffed peppers – ішін толтырған бұрыштар 4. (informal) қомағайлана/ мешкейлене жеу ♦He sat at the table stuffing himself. – Столда отырып алып ол асап жатты. 5.жануардың мәйітін/ өлі денесін сақтау үшін ішіне арнайы нәрселер салу 6. (idm) *get stuffed (BrE, informal) кет әрі, жоғал, аулақ жүр *stuff it ​(informal) жә, жарайды ♦I didn't want a part in the play, then I thought - stuff it - why not? – Пьесада ойнағым келген жоқ, сосын, жә, неге ойнамасқа деп ойладым. Stuff it. At my age it doesn’t matter. – Жә, менің жасымда бола береді. *you, etc. can stuff smth ​(informal) «артыңа тық» дег мағ ♦I told them they could stuff their job. – Оларға жұмыстарыңды арттарыңа тығыңдар дедім.