stumble [ˈstʌmbl] A.n сүріну, сүрініс ♦After a slight stumble backwards, he regained his balance. – Сәл сүрініп барып, ол бойын жиды. ♦(ауысп мағ) the team's first-round stumble – команданың бірінші айналымдағы сүрінісі ♦(ауысп мағ) verbal stumbles – сөзден жаңылу B.v 1.сүріну (syn: trip) ♦The child stumbled and fell. – Бала сүрініп, құлады. ♦I stumbled over a rock. – Тасқа сүріндім. 2.тәлтіректеу, теңселу ♦Max stumbled out of bed sleepily. – Макс төсектен тәлтіректей тұрды. ♦We were stumbling around in the dark looking for a candle. – Қараңғыда май шам іздеп тәлтіректей қозғалдық. 3. ∼ (over/through smth) жаңылу, мүдіру ♦In her nervousness she stumbled over her words. – Қобалжып, сөзден жаңылды. ♦I stumbled through the piano piece with difficulty. – Пианино ырғағын әрең ойнап шықтым. 4. (phr v) *stumble across/on/upon smth/smb байқап/ көріп/ біліп қою/ қалу, ұшырасып/ жолығысып қалу ♦Police have stumbled across a huge drugs ring. – Полиция күтпеген жерден есірткі саудалаушы топқа ұшырасты. ♦I stumbled across Thompson outside the hotel. – Томпсонмен қонақ үйдің сыртында жолығысып қалдым. *stumble into smth күтпеген жерден араласу/ жолығысу, тб ♦I stumbled into acting when I left college. – Колледжден кеткенде күтпеген жерден актерлікпен айналысып кеттім.