subdued [səbˈdjuːd] adj 1.жуасыған, бәсең, солғын, тыныш ♦He seemed a bit subdued to me. – Оның жүзі солғындау көрінді. ♦She was in a subdued mood. – Ол көңілі бәсең жүрді. 2. (жарық не реңк ж) онша ашық емес, бәсең(деу), солғын ♦subdued lighting – бәсең жарық(тандыру) ♦the subdued greens and browns of the landscape – табиғат көрінісінің солғын(дау) жасылдары мен қоңырлары 3. (дауыс, дыбыс ж) бәсең, төмендеу ♦a subdued conversation – ақырын сөйлесу ♦the sound of subdued laughter – бәсең күлкі(нің) үні 4. (бизнес, іс ж) бәсең, солғын ♦a period of subdued trading – бәсең сауда кезі