subject A.n [ˈsʌbdʒɪkt] 1.тақырып, әңгіме/ сөз арқауы, тема ♦Walker's work has been the subject of much debate. – Уокердің жұмысының төңірегінде талай айтыс-тарыс болды. a subject of discussion/conversation – талқылау/ әңгіме тақырыбы The incident is currently the subject of a police investigation. – Оқиғаны қазір полиция тексеруде. books on many different subjects – түрлі тақырыптағы кітаптар I have nothing more to say on the subject. – Осы тақырып бойынша басқа айтарым жоқ. I wish you'd change the subject. – Басқа нәрсе жайлы айтайықшы. research programmes in different subject areas – түрлі тақырыптағы зерттеулер 2.пән, ғылым/ білім саласы (предмет) ♦Biology is my favourite subject. – Биология – сүйікті пәнім. Which subjects are you studying? – Қандай пәндерді оқудасың? The college offers a wide range of subjects. – Колледжде кең ауқымды пәндер бар. 3.объект, (суреттегі не фотографиядағы) негізгі/ басты нәрсе ♦Focus the camera on the subject. – Фотоаппаратты объектіге шоғырла. Classical landscapes were a popular subject with many 18th century painters. – Классикалық ландшафттарды/ табиғат көріністерін XVIII ғасыр суретшілері салуға өте қызыққан. 4.тәжірибе/ эксперимент кезінде пайдаланылған адам не нәрсе ♦We need male subjects between the ages of 18 and 25 for the experiment. – Эксперимент үшін бізге 18 бен 25 жас арасындағы жігіттер керек. 5. (грамматикада) бастауыш (подлежащее) 6.азамат, тұрғын ♦a British subject – Британия азаматы The prince had to tax his subjects heavily to raise money for the war. – Принц соғысқа ақша жию үшін азаматтарына ауыр салық салуға мәжбүр болды. B.adj [ˈsʌbdʒɪkt; ˈsʌbdʒekt] (formal) 1. ∼ to smth әсер етуі/ өзгеруі мүмкін, бірн-ге байланысты болу ♦At this stage these are proposals and are still subject to change. – Қазіргі кезеңде бұның бәрі (де) – ұсыныстар, және олардың өзгеруі мүмкін. The rent is subject to review every five years. – Аренда/ Жал(дау) бес жыл сайын қайта қаралады. Flights are subject to delay because of the fog. – Тұманға байланысты ұшулардың кешігуі мүмкін. The article is ready to publish, subject to your approval. – Құптасаңыз, мақала баспаға әзір. The offer is subject to certain conditions. – Ұсыныс біршама шарттарға байланысты. 2. ∼ to smth/smb бірн-ге бағынышты, бірн-ң қарамағында ♦As a diplomat, he is not subject to local laws. – Дипломат ретінде ол жергілікті заңдарға бағынышты емес. All nuclear installations are subject to international safeguards. – Барлық ядролық объектілер халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. 3.азамат, тұрғын ♦subject peoples – азаматтар, тұрғындар C.v [səbˈdʒekt] (formal) 1. ∼ smth (to smth) бағындыру, басып алу, кіріптар ету, билігін жүргізу ♦The Roman Empire subjected most of Europe to its rule. – Рим империясы Европаның көп бөлігін бағындырды. 2. ∼ smb/smth to smth душар ету, ұшырату ♦to be subjected to ridicule – мазақ/ келеке болу The city was subjected to heavy bombing. – Қала ауыр бомбалауға ұшырады/ душар болды.