submit [səbˈmɪt] v 1. (документті, ұсынысты) табыстау, табыс ету, тапсыру ♦to submit an application/a claim/a proposal – өтініш/ арыз/ ұсыныс беру Completed projects must be submitted by 10 March. – Біткен жобаларды наурыздың онына дейін тапсыру керек. She submitted her report to the committee. – Ол баяндамасын комитетке тапсырды. 2. (formal) берілу, көну, бағыну, мойынұсыну (syn: give in (to smb/smth), yield) ♦∼ to smb/smth She refused to submit to threats. – Ол қорқытып-үркітулерге көнбеді. ♦∼ yourself to smb/smth He submitted himself to a search by the guards. – Ол күзетшілердің өзін тінтуіне көнді. 3. ∼ that… (law or formal) сөз айту, сөйлеу; ұсыну ♦Counsel for the defence submitted that the evidence was inadmissible. – Жауапкер жақ айғақтың жарамсыз екенін мәлімдеді.