subordinate A.adj [səˈbɔːdɪnət] 1. ∼ (to smb) (біреуге) бағынышты, кіріптар, (біреудің) қарамағындағы, қарауындағы ♦In some societies women are still subordinate to men. – Кейбір қоғамдарда әйелдер ерлерге әлі бағынышты. ♦She was directly subordinate to the president. – Ол тікелей президенттің қарамағында еді. ♦The monarch is formally subordinate to Parliament. – Монарх парламентке ресми есепті. 2. ∼ (to smth) маңызы аздау (syn: secondary) ♦All other issues are subordinate to this one. – Бұл сұрақ басқаларынан маңыздырақ. B.n [səˈbɔːdɪnət] бағынышты, біреудің қарамағындағы адам (syn: inferior) ♦the relationship between subordinates and superiors – бастықтар мен олардың қарамағындағылардың өзара қатынасы ♦He always confers with his subordinates before making decisions. – Шешім шығарар алдында ол ылғи қарамағындағылармен ақылдасады. C.v [səˈbɔːdɪneɪt] (formal) маңызы аз деп санау, елемеу, ескермеу ♦be ∼d (to smb/smth) Safety considerations were subordinated to commercial interests. – Коммерциялық пайданы көздеп, сақтық талаптары онша еленбеді. ♦The needs of the individual are completely subordinated to those of the state. – Жеке адамның мұң-мұқтажы мемлекеттікіне толықтай бағынышты.