subside [səbˈsaɪd] v 1.тынышталу, бәсеңдеу, саябырсу ♦She waited nervously for his anger to subside. – Ол оның ашуының басылғанын тағатсыз күтті. ♦When the rain had subsided we continued our walk. – Жаңбыр басылғанда жүрісімізді жалғастырдық. ♦I took an aspirin and the pain gradually subsided. – Аспирин ішіп едім, шаншу баяу басылды. 2. (су ж) қайту, арнасына түсу ♦The flood waters gradually subsided. – Тасқын сулар бірте-бірте қайтты. 3. (жер, үй-жай ж) отыру, шөгу ♦Weak foundations caused the house to subside. – Фундамент әлсіз болғандықтан, үй шөкті/ отырды.