substance [ˈsʌbstəns] n 1.зат, нәрсе ♦a sticky substance – жабысқақ зат/ нәрсе ♦a chemical/radioactive/hazardous substance – химиялық/ радиоактивті/ қауіпті заттар/ нәрселер 2.үкімет қатаң қадағалайтын дәрі-дәрмек; есірткі, наркотик ♦illegal/controlled substances – есірткілер (наркотиктер)/ үкімет қатаң қадағалайтын дәрі-дәрмек ♦a banned substance – тыйым салынған дәрі-дәрмек (запрещенный препарат) ♦Adolescent substance use remains high in the United States. – Жеткіншектердің есірткі ішуі Құрама Штаттарда жоғары болып қалуда. 3.себеп, негіз, жөн, мән, мағына ♦There is some substance in what he says. – Оның сөзінің жаны бар. ♦It was malicious gossip, completely without substance. – Бұл бір ешбір негізсіз, сұрқия өсек еді. 4.өзек, негіз, басты бөлік ♦Love and guilt form the substance of his new book. – Махаббат пен кінә – оның жаңа кітабының өзегі. ♦The real substance of the report was in the third part. – Баяндаманың өзегі үшінші бөлімінде болды. ♦I agreed with what she said in substance, though not with every detail. – Онымен жалпы келіскеніммен, әр нәрсесімен келіспедім. ♦There seems to be no difference in substance between the two procedures. – Екі процедура арасында, жалпы, айырмашылық жоқ сияқты.5. (formal) маңыз, маңыздылық, елеулілік (syn: significance) ♦matters of substance – маңызды/ елеулі мәселелер ♦Nothing of any substance was achieved in the meeting. – Жиналыс маңызды/ елеулі ешнәрсеге қол жеткізбеді. 6. (idm) *a man/woman of substance (formal) бай, қуатты еркек/ әйел