suck [sʌk] A.v 1. ∼ smth сору; (емшек) ему ♦to suck the juice from an orange – апельсиннің сөлін сору ♦He sucked the blood from a cut on his finger. – Саусағындағы тіліктен (шыққан) қан(ды) сорды. ♦∼ at/on smth The baby sucked at its mother's breast. – Сәби анасының емшегін сорды/ емді. ♦She sucked on a mint. – Ол (жалбыздәмді) тәтті сорды. ♦Stop sucking your thumb! – Бас бармағыңды сорма! ♦The pump sucks air out through the valve. – Насос клапан арқылы ауа сорады. ♦Greenfly can literally suck a plant dry. – Біте (өсімдік биті) өсімдікті сорып қуратады. ♦The machine sucks up mud and stones from the bottom of the pond. – Машина тоған түбіндегі балшық пен тастарды сорып шығарады. ♦The canoe was sucked down into the whirlpool. – Каноені иірімге тартып кетті. ♦The mud had sucked him in up to his waist. – Ол белуарына/ беліне дейін балшыққа батты. 2. smth ∼s (slang) жаман/ нашар дег мағ ♦Their new album sucks. – Олардың жаңа альбомы тегі жаман. 3. (idm) *milk/suck smb/smth dry [қ-з: milk (В3)] *suck it and see (BrE, informal) тексеріп қана білуге болады *suck it up (especially NAmE, informal) қиын жағдайда сабыр сақтау/ саспау *teach your grandmother to suck eggs (BrE, informal) «әжеңе ақыл айту», өзінен мықты біреуге ақыл айту 4. (phr v) *suck smb in | suck smb into smth біреуді бір жағдайға/ іске араластыру/ кірістіру/ тарту *suck up (to smb) (informal, disapproving) маймөңкелеу, жағыну, жарамсақтану B.n сору; ему ♦The lamb staggered to its feet and took its first suck of milk. – Қозы тәлтіректеп түрегелді де алғаш рет емшекке ауыз салды.