sudden [ˈsʌdn] adj 1.кенет, күрт, шалт, тосын, аяқ астынан, ойда жоқта ♦News of his sudden and unexpected death came as a great shock. – Оның кенет, күтпеген жерден қайтыс болғаны туралы хабар есеңгіретіп тастады. ♦a sudden change in temperature – температураның күрт өзгеруі/ өзгерісі ♦sudden bursts of gunfire – күтпеген жерден тарсылдаған атыс ♦It's all been very sudden. – Бәрі аяқ астынан болды. ♦Don't make any sudden movements. – Шалт қимылдар жасама./ Шалт қимылдама. 2. (idm) *all of a sudden кенет, аяқ астынан, ойда жоқта ♦All of a sudden someone grabbed me around the neck. – Аяқ астынан біреу мойныма жармасты.