suffer [ˈsʌfə(r)] v 1.қиналу, азаптану, азап шегу/ тарту, жапа шегу, қорлық көру ♦I hate to see animals suffering. – Аңдардың қиналғанын көргім келмейді. ♦The country has suffered greatly at the hands of its corrupt government. – Ел парақор үкіметтен қорлық көруде. ♦∼ from smth to suffer from a disorder/a disease/an illness/a condition – аурудан/ дерттен жапа шегу ♦He suffers from asthma. – Ол демікпеден/ астмадан қиналады. ♦The economy is still suffering badly from a lack of demand. – Сұраныстың аздығынан экономика әлі жапа шегуде. 2. ∼ smth қиындыққа/ дертке, тб душар болу/ ұшырау ♦to suffer a stroke/heart attack – инсульт/ инфаркт алу ♦Victims suffered severe injuries in the accident. – Оқиға кезінде адамдар қатты жарақаттанды. ♦The company suffered huge losses in the last financial year. – Өткен қаржы жылында компания орасан шығынға ұшырады. ♦Crops suffered serious damage as a result of the floods. – Тасқыннан егін қатты зардап шекті. ♦The party suffered a humiliating defeat in the general election. – Жалпы сайлауда партия оңбай ұтылды. 3.асқыну, ушығу, тіптен жаман бола түсу ♦His school work is suffering because of family problems. – Үй-ішіндегі проблемаларға байланысты оның мектептегі оқуы нашарлауда. 4. (idm) *not suffer fools gladly топас адамдарға шыдау ♦She was a forceful personality who didn't suffer fools gladly. – Ол топастарға шыдай бермейтін адуынды әйел еді.