sugar [ˈʃʊɡə(r)] A.n 1.қант, шекер ♦Do you take sugar? – Шайды (тб) қантпен ішесің(із) бе? ♦This juice contains no added sugar. – Шырынға/ Жеміс суына қант қоспаған. ♦a sugar plantation/refinery – қант плантациясы (егістігі)/ заводы 2. (specialist) (өсімдіктегі, жеміс-жидектегі) табиғи қант, глюкоза, фруктоза ♦fruit sugars – жемістегі табиғи қант 3. (informal, especially NAmE) тәтті(м), қант(ым) (жақсы көрген адамға қарата айтылады) ♦See you later, sugar. – Кейінірек жолығамыз, тәттім. B.v 1. ∼ smth қант/ шекер қосу/ салу, үстіне шекер себу 2. (idm) *sugar/sweeten the pill жайсыз жағдайды/ жайтты жуып-шаю/ жылы-жұмсақтау (syn: sugar-coat) C.excl құрығыр, пәле ♦Oh sugar! I've forgotten my book! – Құрығыр! Кітапты ұмытып кетіппін!