suggest [səˈdʒest] v 1.ұсыныс/ кеңес айту, (идея, жоспар) ұсыну, ой айту (syn: propose) ♦∼ smth I'd like to suggest a different explanation for the company's decline. – Компанияның құлдырауын басқаша түсіндіргім келеді. ♦∼ itself He thought long and hard, but no answer suggested itself. – Қанша толғанса да, дұрыс жауап таппады. ♦∼ itself itself to smb A solution immediately suggested itself to me. – Дереу бір ой есіме сап ете қалды. ♦∼ (that)… I strongly suggest (that) you don't get involved. – Бұл іске тегі араласпауыңды өтінемін. ♦∼ doing smth I suggested going in my car. – Менің машинамда барайық деп айттым. 2. (адамды, нәрсені) ұсыну, кеңес беру (syn: recommend) ♦∼ smb/smth for smth Who would you suggest for the job? – Жұмысқа кімді ұсынасың(ыз)? ♦∼ smb/smth as smth She suggested Paris as a good place for the conference. – Конференция үшін жақсы жер деп ол Парижді ұсынды. ♦She suggested John as chairman. – Ол Джонды төрағалыққа ұсынды. ♦∼ smb/smth Can you suggest a better way of doing it? – Бұны істеудің жақсы жолын айта аласың(ыз) ба? ♦May I suggest a white wine with this dish, Sir? – Осы тағамға ақ шарап ұсынғым келеді, сэр? ♦There is a suggested donation of $5 to attend the show. – Шоуға қатысу үшін $5 жәрдем беру керек дейді. ♦∼ how, what, etc… Can you suggest how I might contact him? – Онымен қалай хабарлассам болады/ болатынын айт(ыңыз)шы. 3.білдіру, көрсету (syn: indicate) ♦∼ (that)… All the evidence suggests (that) he stole the money. – Барлық айғақ ақшаны оның ұрлағанын көрсетеді. ♦∼ smth Recent studies suggest the possibility of a cure for the disease. – Кейінгі зерттеулер бұл ауруды емдеуге болатынын көрсетеді. ♦The symptoms suggest a minor heart attack. – Симптомдар аздаған инфарктің/ жүрек талмасының болғанын көрсетеді. ♦The stage lighting was used to suggest a beach scene. – Сахнадағы арнайы жарық пляжды білдірді. ♦∼ smth to smb What do these results suggest to you? – Бұл нәтижелерден не ұғасың? 4.меңзеу, тұспалдау, білдіру (syn: imply) ♦∼ (that)… Are you suggesting (that) I’m lazy? – Мені жалқау(сың) деп айтқың келіп тұр ма? ♦I’m not suggesting (that) she was responsible for the accident. – Оқиға үшін ол жауапты деп тұрғамын жоқ. ♦∼ smth I would never suggest such a thing. – Бұндай нәрсені ешқашан айтпас едім.