suggestion [səˈdʒestʃən] n 1.ұсыныс, ақыл, кеңес, ой ♦Can I make a suggestion? – Бір кеңес айтсам бола(ды) ма? ♦Do you have any suggestions? – Айтар ақылың(ыз)/ кеңесің(із) бар ма? ♦He rejected my suggestion as impractical. – Ұсынысымды ол жарамсыз деп қабыл алмады. 2.ой, тұспал, меңзес, долбар, болжам (syn: hint) ♦∼ of smth A spokesman dismissed any suggestion of a boardroom rift. – Сөйлеуші басқармада жік бар деген болжамды теріске шығарды. ♦There is no suggestion of any impropriety. – Бұнда ешбір теріс мінез-құлық болған жоқ. ♦∼ that… There was no suggestion that he was doing anything illegal. – Бұнда ол теріс істермен айналысты деген ешбір ой жоқ. 3.иландыру, сендіру ♦Most advertisements work through suggestion. – Жарнамалардың көбі иландырумен айналысады. ♦the power of suggestion – иландыру қуаты 4. (formal or literary) із, тап, белгі (syn: trace) ♦She looked at me with just a suggestion of a smile. – Ол маған қарағанда жүзінде жымиыс табы болды. ♦He spoke English with a suggestion of a French accent. – Оның ағылшыншасында француз акцентінің табы болды. 5. (idm) *at/on smb’s suggestion біреудің айтуымен, біреудің ақылы/ кеңесі бойынша, біреудің ақылымен/ кеңесімен ♦At his suggestion, I bought the more expensive printer. – Оның айтуымен, қымбатырақ принтер сатып алдым. ♦At the suggestion of his boss, he resigned. – Бастығының ақылымен, ол қызметінен түсті.