supply [səˈplaɪ] A.n 1.қамдама, жеткізілім (қамдалған, бар нәрселер) ♦Advances in agriculture increased the food supply. – Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер азық көлемін арттырды. ♦Demand for skilled labour outstrips supply. – Білікті мамандарға деген сұраныс ұсыныстан асып түсуде. ♦We ordered a month's supply of oil. – Бір айға жететін май заказ бердік. ♦We cannot guarantee adequate supplies of raw materials. – Шикізатты тиісті көлемде жеткізіп бере аламыз деп айта алмаймыз. 2. supplies азық-түлік, керек-жарақ, қажетті нәрселер ♦Our supplies were running out. – Азық-түлігіміз таусылуда. ♦food and medical supplies for refugees – босқындарға арналған азық-түлік пен дәрі-дәрмек 3. қамдау, жеткізу, беру, қызмет көрсету ♦the electricity/energy/gas supply – электр/ энергия/ газ беру ♦The storm disrupted the town's power supply. – Дауыл қалаға электр беруді үзді. ♦A stroke is caused by disruption to the blood supply to the brain. – Инсульт миға қанның ағысының үзілуінен болады. ♦the supply of goods and services – товармен және қызметпен қамдау ♦a contract for the supply of timber – ағаш жеткізу контрактісі 4. (idm) *in short supply тапшы, жетіспеген, аз ♦Basic foodstuffs were in short supply. – Негізгі азық түрлері жетіспеді. ♦Safe drinking water is in desperately short supply. – Ауыз су мүлде жетпеуде. B.v жеткізу, қамдау, беру, әкелу ♦The company supplied sports equipment to schools./ The company supplied schools with sports equipment. – Компания мектептерге спорт жабдықтарын жеткізді. ♦The well stopped supplying water for the village many years ago. – Бұл құдық ауылға су беруін талай жыл бұрын тоқтатқан. ♦foods supplying our daily vitamin needs – күнделікті қажет витаминдерімізді беріп жатқан азықтар ♦Please supply your email address. – Имейл адресің(із)ді бер(іңіз)ші.