support [səˈpɔːt] A.v 1.қолдау, жақтау, құптау (syn: back) ♦∼ smb/smth to support an idea/a view – идеяны/ пікірді жақтау/ құптау ♦The party fully supports new welfare reform bill. – Партия жаңа халық әл-ауқаты заңын толығымен қолдайды. ♦The majority of ordinary citizens did not support the war. – Жай азаматтардың көпшілігі соғысты жақтамады/ құптамады. ♦If you raise it at the meeting, I'll support you. – Бұны жиналыста көтерсең, сені жақтаймын/ қолдаймын. ♦The government supported the unions in their demand for a minimum wage. – Үкімет ең аз жалақы мәселесінде кәсіподақтарды жақтады. ♦Which team do you support? – Қай команданы жақтайсың(ыз)? 2.демеу, сүйеу, сүйеу болу, жәрдемдесу ♦an organization that supports people with autism – аутизммен қиналатын адамдарға жәрдемдесетін ұйым ♦She supported her husband through many difficult times. – Талай қиын кездерде ол күйеуіне сүйеу болды. ♦The company will support customers in Europe. – Компания Европадағы клиенттерін демейтін болады. 3.демеу, қолдау ♦A number of famous actors actively supported the campaign. – Әйгілі актерлердің бірнешеуі науқанды қолдады. ♦Several major companies are supporting the project. – Бірнеше ірі компания жобаны қолдауда. ♦The project was supported by grants from various charities. – Жобаны түрлі мейірім қорлары қаржылай демеді. 4. ∼ smb/smth/yourself асырау; демеу ♦He struggles to support his family. – Ол семьясын/ үй-ішін асырау үшін жанталасады. ♦She supported herself through college by working as a waitress in a local bar. – Ол колледжде оқығанда барда официантка болып істеп өзін-өзі асырады. ♦He turned to crime to support his drug habit. – Есірткі табу үшін ол қылмысқа ұрынды. ♦The atmosphere of Mars could not support life. – Марстағы атмосфера тіршілікті демей алмайды. 5. ∼ smth дәлелдеу, айғақ болу, растау (syn: corroborate) ♦Current data support this hypothesis. – Қазіргі дерек бұл гипотезаны дәлелдейді/ растайды. ♦There is no evidence to support his claims. – Оның айтқандарын растайтын айғақ жоқ. 6. ∼ smb/smth тіреу, тіреп ұстап тұру, демеу, сүйе(н)у ♦a platform supported by concrete pillars – бетон бағандар тіреген платформа ♦Support the baby's head when you hold it. – Қолыңа алғанда сәбидің басын ұстап/ демеп тұр. ♦She walked carefully down the stairs, supported by her grandson. – Ол немересіне сүйене басқышпен баяу түсті. 7. ∼ smth (компьютер не компьютер жүйелері ж) жарамды болу, сай болу, кірігу ♦This digital audio player supports multiple formats. – Осы цифрлы/ санды аудиоплейер түрлі форматқа кірігеді/ жарамды. B.n 1.қолдау, құптау, жақтау ♦∼ for smth There is strong public support for the policy. – Осы саясатты қоғам өте қолдайды/ жақтайды. ♦There is a continued lack of support for the war. – Соғысты жақтаушылар аз болып қалуда. ♦to provide/offer support – қолдау көрсету/ ұсыну ♦to win/gain somebody's support – біреуден қолдау алу ♦Can I rely on your support in the election? – Сайлауда саған/ сізге сүйенсем бола(ды) ма? ♦The policy has broad support from industry. – Бұл саясатты индустрия кең(інен) қолдайды. ♦Only a few people spoke in support of the proposal. – Бірнеше адам ғана ұсынысты жақтай сөйледі. 2. ∼ (from smb/smth) жәрдем, демеу, сүйеу ♦They received no financial support from the government. – Ол үкіметтен қаржылай көмек алмады. ♦She has no visible means of support. – Оның күнгөріс көзі жоқтың қасы. 3.қолдау, демеу, қолпаштау, сүйеу; жәрдем, көмек ♦Her family and friends have given her lots of support. – Оның үй-іші мен достары оны көп демеді. ♦messages of support – жылы тілектер ♦He turned to his closest friends for support. – Ол жақын достарынан көмек сұрады. ♦support staff/services – жәрдемші қызметкерлер/ жәрдем қызметтері ♦a support network/system – жәрдем желісі/ жүйесі 4.дәлел, айғақ, растаушылық ♦The statistics offer further support for our theory. – Статистика теориямызды растай/ дәлелдей түсуде. ♦There is little evidence in support of this hypothesis. – Осы гипотезаны растайтын дәлел аз. 5.тіреу, тірек, тіреуіш, сүйеніш ♦The supports under the bridge were starting to bend. – Көпір астындағы тіреулер қисая бастаған еді. ♦(figurative) When my father died, Jim was a real support. – Әкем қайтыс болғанда Джим маған шынымен де сүйеніш/ сүйеу болды. 6.ұстау, ұстап тұру, сүйеу ♦She held on to his arm for support. – Ол оның қолына сүйенді. ♦After the operation he couldn't walk without support. – Операциядан соң ол сүйеусіз жүре алмады. ♦A firmer mattress gives your back an improved level of support. – Мықтырақ матрас арқаңа жақсы сүйеу болады. 7. (денеің жаралы тұсына киетін/ тағатын) демеу ♦a knee/back support – тізеге киетін/ арқаға тағатын демеу