suppose [səˈpəʊz] v 1.пайымдау, ойлау, болжау ♦Getting a visa isn't as simple as you might suppose. – Виза алу сен ойлағандай оңай шаруа емес. ♦Prices will go up, I suppose. – Бағалар өсетін шығар деп ойлаймын. ♦I don't suppose for a minute that he'll agree. – Бір сәтке де ол келісе қояды деп ойламаймын. ♦Why do you suppose he resigned? – Неге ол қызметінен кетті деп ойлайсың? ♦There is no reason to suppose she's lying. – Ол өтірік айтып тұр деп ойлауға еш себеп жоқ. ♦(formal) She had supposed him (to be) very rich. – Ол оны өте бай деп ойлап қалса керек. ♦(formal) I had supposed him a younger man. – Оны мен бір жастау адам деп ойласам. 2.солай болар/ шығар, тб ♦I could take you in the car, I suppose. – Сені машинама міндірсем болатын шығар. ♦‘Can I borrow the car?’ ‘I suppose so’. – «Машинаны қарызға ала тұрсам бола(ды) ма?» «Солай шығар». ♦What I’m saying, I suppose, is that she’s not really suitable for the job. – Айтайын дегенім, ол жұмысқа шынында лайықты емес-ау. ♦Suppose we take a later train? – Кейініректегі пойызға отырсақ болар-ау? 3.елестету, ойлау ♦Suppose flights are fully booked on that day - which other day could we go? – Жә, сол күні рейстердің/ ұшыстардың бәрі толы делік – басқа қай күні ұша аламыз? ♦Let us suppose, for example, that you are married with two children. – Сені үйленгенсің, екі балаң бар деп ойлап көрелік. 4. (idm) *be supposed to do/be smth a) (ережеге, тб сай) бірн-е істеуі керек/ қажет болу ♦What am I supposed to do? – Не істеуім керек? ♦I thought we were supposed to be paid today. – Бүгін бізге төлейді деп ойласам. ♦The engine doesn't sound like it's supposed to. – Мотор қалыпты істемейтін сияқты. ♦You were supposed to be here an hour ago! – Бұнда бір сағат бұрын келуің керек еді! ♦Oops - that wasn't supposed to happen. – Оой - олай болмауы керек еді. ♦How was I supposed to know you were waiting for me? – Мені күтіп отырғаныңды қайдан білейін? ♦‘Yes and no.’ ‘What is that supposed to mean?’ – «Иә да, жоқ та». «Сонда не айтқың келеді?» b) жұрт сөйтіп ойлаған, тб ♦I haven't seen it myself, but it's supposed to be a great movie. – Оны өзім көрген жоқпын, бірақ керемет фильм дейді ғой. ♦This combination of qualities is generally supposed to be extremely rare. – Бұндай қасиеттердің үйлесімі өте сирек болуы керек. *not be supposed to do smth өйтуге болмайды ♦You're not supposed to walk on the grass. – Шөппен жүруге болмайды.