sure [ʃʊə(r); ʃɔː(r)] A.adj (surer, surest) 1. (бірн-ге) шүбәсі/ күмәні жоқ, сенімді, көзі жететін, нақты білетін/ ұғатын (syn: certain) (opp: unsure) ♦‘Is that John over there?’ ‘I'm not sure’. – «Анда тұрған Джон ба?» «Нақты білмей тұрмын». ♦You don't sound very sure. – Өзіңе онша сенімді емес сияқтысың. ♦I'm pretty sure (that) he'll agree. – Оның келісетініне шүбәм жоқ. ♦Are you sure you don't mind? – Шынымен де қарсы емессің бе? ♦I’m sure he’s still alive. – Оның әлі тірі екеніне шүбәм жоқ. ♦I hope you are sure of your facts. – Фактілерге шүбәң жоқ деп ойлаймын. ♦Are you sure about that? – Бұған көзің жетіп тұр ма? ♦Ask me if you're not sure how to do it. – Қалай істеу керек екеніне шүбәң болса, менен сұра. ♦I'm not sure whether I should tell you this. – Саған бұны айтар-айтпасымды білмей тұрмын. ♦not exactly/entirely/absolutely/really sure – нақты/ толықтай/ мүлде/ шынымен де сенімді емеспін ♦I still wasn't even sure who I was talking to. – Кіммен сөйлесіп тұрғанымды нақты білмей тұрдым. ♦I like this bit, but I'm not so sure about that one. – Мынау маған ұнайды, ананы ғой – білмеймін. 2.анық, нақты, күмән жоқ, шүбәсіз, сенімді ♦You're always sure of a warm welcome there. – Ол жерде жақсы қарсы алатынына қашан да шүбә жоқ. ♦We could not be sure of financial support. – Қаржылай көмектің боларына нақты сенім жоқ. ♦England must win this game to be sure of qualifying for the World Cup. – Әлем чемпионатына ілігу үшін Англия осы ойынды ұтуға тиіс. 3. ∼ to do smth болары, тб нақты/ анық ♦The exhibition is sure to be popular. – Көрмеге жұрттың қызығатынында сөз жоқ. ♦It's sure to rain. – Жаңбырдың жауатыны сөзсіз. ♦You’re sure to get lost if you don’t keep to the path. – Соқпақпен жүрмесең, адасатының анық. ♦She's sure to be picked for the team. – Ол өзінің командаға енетініне сенімді. 4.нақты, анық, шүбәсіз, дұрыс ♦It's a sure sign of economic recovery. – Бұл – экономикалық оңалудың нақты белгісі. ♦There's only one sure way to do it. – Бұны істеудің бір ғана дұрыс жолы бар. ♦He is a sure bet for the presidential nomination. – Оның президенттікке кандидат болатынына шүбә жоқ. ♦I told my friends that our winning was a sure thing. – Достарыма жеңетініміз анық дедім. 5. (өзіне) сенімді, нық ♦We admired her sure touch at the keyboard. – Оның клавиштерді нық басқанына сүйсіндік. 6. (idm) *be sure to do smth бірн-ні міндетті түрде істе/ өйт/ бүйт, тб ♦Be sure to give your family my regards. – Үй-ішіңе сәлем айтқын/ сәлем айтуды ұмытпа. ♦Be sure to check out our website. – Уэб-сайтымызды тексер(гін). *for sure (informal) әрине, сөзсіз, шүбәсіз, нақты ♦No one knows for sure what happened. – Ешкім (де) нақты не болғанын білмейді. ♦I think he'll be back on Monday, but I can't say for sure. – Дүйсенбі оралармын, нақты білмеймін. ♦One thing is for sure - it's not going to be easy. – Бірнәрсе анық – оңай болмайды. ♦(NAmE) ‘Will you be there?’ ‘For sure.’ – «Сонда боласың ба?» «Әрине». *a good/safe/sure bet болары анық/ сөзсіз/ шүбәсіз ♦He's a good bet to earn a spot on the US team. – Оның АҚШ құрамасына енері анық. ♦Clothes are a safe bet as a present for a teenager. – Жеткіншекке киім сыйлаған дұрыс. ♦The movie looks like a sure bet for Best Film. – Фильмнің ең үздік фильм атанары хақ. *make sure (of smth/that…) a) (бірн-ң болатынын) қамдау, қамтамасыз ету, тб ♦Make sure (that) no one finds out about this. – Бұны ешкім біліп қоймасын. ♦They scored another goal and made sure of victory. – Олар тағы бір гол салып, жеңісті қамдады. ♦Our staff will do their best to make sure you enjoy your visit. – Сапарыңызды қызықты болуы үшін қызметкерлеріміз бәрін жасайтын болады. b) тексеру, көз жеткізу ♦She looked around to make sure that she was alone. – Ол жан-жағына қарап, өзінің жалғыз екеніне көз жеткізді. ♦I think the door's locked, but I'll just go and make sure. – Есік жабық болар, бірақ бір барып тексерейін. *sure of yourself (sometimes disapproving) өте сенімді ♦She seems very sure of herself. – Ол өзіне өте сенімді сияқты. *sure thing (informal, especially NAmE) иә, әрине ♦‘Are you coming?’ ‘Sure thing.’ – «Келесің бе?» «Әрине». *to be sure (formal) рас, солай, тб ♦He is intelligent, to be sure, but he's also very lazy. – Оның зерек екені рас, бірақ ол өте жалқау да. B.adv 1.иә, әрине, жә ♦‘Will you open the wine?’ ‘Sure, where is it?’ – «Шарапты ашасың(ыз) ба?» «Әрине, қайда шарап?» ♦Did it hurt? Sure it hurt. – Ауыртты ма? Әрине ауыртты. ♦Sure, no problem. – Жә, оқасы жоқ. 2.шынымен де, дәл солай, иә, тб ♦Boy, it sure is hot. – Оу, бұл - шынымен де ыстық. ♦‘Amazing view’. ‘Sure is.’ – «Керемет көрініс». «Дәл солай». ♦I sure hope you are right about that. – Бұл жөнінде айтқаның шынымен де рас шығар деп ойлаймын. ♦That song sure as hell sounds familiar. – Ана ән тегі таныс сияқты. ♦He sure looked unhappy. – Ол шынымен де мұңайып тұрды. ♦I sure do agree with that. – Мен о жөнінде сөзсіз келісемін. 3.рахметке жауап ретінде қолд ♦‘Thanks for the ride.’ ‘Sure - anytime.’ – «Машинаңмен алып жүргеніңе рахмет». «Қашан да қуаныштымын». 4. (idm) *(as) sure as eggs is eggs (old-fashioned, BrE, informal) рас екені сөзсіз/ шүбәсіз *sure enough дәл солай болды, солай болары анық еді ♦I said he'd forget, and sure enough he did. – Ол ұмытады дедім ғой, дәл солай болды. ♦‘Stop,’ she said, ‘I can hear something.’ Sure enough, in the distance we could hear the sound of a car approaching. – «Тоқта», деді ол, «бірнәрсе естіледі». Шынымен де қашықтан жақындап келе жатқан машина үнін естідік.