surface [ˈsɜːfɪs] A.n 1. (бірн-ң) үсті, беті, сырты, тысы, қабығы ♦We need a flat, smooth surface to play the game on. – Ойын ойнағанға бізге тегіс, жазық тұс керек. ♦an uneven road surface – тегіс емес жол үсті ♦a broad leaf with a large surface area – кең жапырақ ♦Surface water made driving conditions hazardous. – Жауыннан кейінгі шалшық суда машина айдаған қауіпті болды. ♦Teeth have a hard surface layer called enamel. – Тістің эмаль дейтін қатты сырты бар. ♦the earth's surface – жер(дің) қабығы/ сыртқы қабаты ♦on the ∼ (of smth) These plants float on the surface of the water. – Бұл өсімдіктер су бетінде қалқып тұрады. ♦below/beneath/under the ∼ (of smth) We could see fish swimming just below the surface. – Су бетінен сәл төменде жүзген балықтарды көре алдық. ♦Alligators lurk beneath the surface of the swamp. – Крокодилдер батпақ астында аңдып жатты. ♦The earth’s surface temperature is rising. – Жер бетінің температурасы өсуде. ♦(ауысп мағ) below/beneath/under the ∼ (of smth) Rage bubbled just below the surface of his mind. – Санасының астарында ыза қайнап жатты. 2.үсті жайпақ/ жазық мебель, тб ♦She's cleaned all the kitchen surfaces. – Ол кухняның үстін тазалап шықты. ♦You'll need a large smooth surface for rolling out the pastry. – Қамыр жаюың үшін тегіс жазық жер керек. 3. (idm) *on the surface бір/ үстіртін қарағанда/ көргенде ♦It seems like a good idea on the surface but there are sure to be problems. – Бір қарағанда бұл жақсы идея/ ой сияқты көрінгенімен, біршама проблеманың бар екені анық. ♦On the surface, he appeared unchanged. – Бір қарағанда, ол со қалпы көрінді. *scratch the surface (of smth) [қ-з: scratch (А8)] B.v 1.су бетіне (сопаң ете) шығу (syn: emerge) ♦The ducks dived and surfaced again several metres away. – Бірнеше метр жерде үйректер сүңгіп шығып жатты. 2.сопаң ете қалу, пайда бола кету (syn: emerge) ¨Doubts began to surface. – Күмән пайда бола бастады. ♦She surfaced again years later in London. – Талай жылдан соң ол Лондонда пайда болды. ♦No further information has surfaced yet. – Әлі басқа информация жоқ. 3. (informal) ояну, оянған соң түрегелу/ тұру ♦He finally surfaced around noon. – Ол төсектен түске қарай тұрды. 4. ∼ smth жолға, тб төсеніш төсеу