surgery [ˈsɜːdʒəri] n (pl -ries) 1.хирургиялық операция; хирургия ♦major/minor surgery – ірі/ шағын операция to undergo heart/knee/shoulder surgery – жүрегіне/ тізесіне/ иығына операция жасату He will require surgery on his left knee. – Оның сол тізесіне операция керек болады. The doctor had to perform emergency surgery to the patient's head. – Дәрігердің науқастың/ пациенттің басына шұғыл операция жасауына тура келді. 2. (BrE) (NAmE office) дәрігер(дің) кабинеті/ жұмыс бөлмесі ♦a doctor’s/dentist’s/vet's surgery – дәрігердің/ дентистің/ ветеринардың кабинеті 3. (BrE) дәрігердің/ дентистің, тб науқастарды/ пациенттерді қабылдайтын/ қарайтын уақыты ♦morning/afternoon/evening surgery – таңғы/ түскі/ кешкі қабылдау surgery hours – қарау/ қабылдау уақыты Is there a surgery this evening? – Кешке дәрігер қабылдай(ды) ма? He holds surgery from 10 a.m. to 1 p.m. – Ол сағат таңғы 10-нан түскі 1-ге дейін қабылдайды. 4. (BrE) азаматтардың парламент депутаттарымен кездесетін уақыты ♦a constituency surgery – округ депутатымен жүздесу