surmise [səˈmaɪz] A.v (formal) болжау, пайымдау, топшылау, долбарлау, тұспалдау (syn: conjecture) ♦∼ (that)… From the looks on their faces, I surmised that they had had an argument. – Түрлеріне қарап, өзара керіскен ғой деп ойладым. ♦∼ what, where, etc… It is difficult to surmise where she might have been staying. – Оның қайда болғанын білу қиын. ♦‘They must have been here first,’ Julie surmised. – «Олар алдымен осында болған шығар», деп топшылады Джули. B.n (formal) болжам, пайым, тұспал, тб ♦This is pure surmise on my part. – Әшейін топшылағаным ғой. ♦He was glad to have his surmise confirmed. – Болжамының дұрыс келгеніне ол қуанды.