surprise [səˈpraɪz] A.n 1.тосын жайт, тосындық, күтпеген нәрсе, сюрприз; аң-таң болу, таңғалыс, таңырқас, сілейіс ♦What a nice surprise! – Неткен қызық!/ Неткен жақсы! ♦I have a surprise for you! – Саған деген бір қызығым/ қызық нәрсем бар! ♦a surprise attack – күтпеген/ тосыннан шабуыл ♦There are few surprises in this year's budget. – Биылғы бюджетте бірнеше тосын жайт бар. ♦It comes as no surprise to learn that they broke their promises. – Уәделерінде тұрмағанына таңғалатын ештеңе жоқ. ♦Her letter came as a complete surprise. – Одан бұндай хатты ешкім күтпеген еді. ♦a pleasant surprise – күтпеген жақсы нәрсе ♦The announcements came as something of a surprise to them. – Жария еткен нәрселерге олар таңғалды/ нәрселер олар үшін тосын болды. ♦There are lots of surprises in store for visitors to the gallery. – Галереяға барушыларды көптеген қызықтар күтіп тұр. ♦He was there on a surprise visit to the troops. – Ол әскерді күтпеген жерден көріп қайтты. ♦Life’s full of surprises. – Өмір қызық пен шыжыққа толы. ♦a look of surprise – аң-таң қарас ♦in ∼ She looked up in surprise. – Ол таңырқай жоғары қарады. ♦∼ at smth He gasped with surprise at her strength. – Ол оның күшіне аһ ұра таңданды. ♦∼ at seeing, hearing, etc. They couldn't conceal their surprise at seeing us together. – Олар бізді бірге көріп таңданғанын/ көргендеріне таңданысын жасыра алмады. ♦I got a surprise when I saw the bill. – Счетті көріп аң-таң болдым. ♦to smb's ∼ To everyone's surprise, the plan succeeded. – Жоспар орындалып, әркім таңғалды. ♦Much to my surprise, I passed. – Өткеніме өзім таңырқаймын. ♦Imagine our surprise when he walked into the room! – Бөлмеге ол кіріп келгенде сілейіп қалғанымызды көрсең ғой! ♦A successful campaign should have an element of surprise. – Табысты науқанда/ кампанияда тосын нәрселер болуы керек. 2. (idm) *surprise, surprise (informal) a) (ironic, often disapproving) ал енді, таңғалып көр, таңғала шаршадық қой ♦One of the candidates was the manager's niece, and surprise, surprise, she got the job. – Кандидаттың біреуі менеджердің жиен қызы/ бөлесі болып шықты, ал енді, таңғалып көр, жұмысқа тұрды. ♦Bob turned up half an hour late, surprise surprise. – Боб жарты сағат кешігіп келді, таңғала жалықтық қой. b) мәссаған!, мынаң ғара (мынаны қара)! ♦Surprise, surprise! Look who's here! – Мәссаған! Көр кімнің келгенін! *take smb/smth by surprise (тосыннан болып) аң-таң болу, сілейіп қалу ♦His frankness took her by surprise. – Оның туралығы бәрімізді сілейтіп тастады. ♦The storm took us completely by surprise. – Аяқ астынан дауыл тұрып, есіміз шығып кетті. ♦The police took the burglars by surprise. – Полиция ұрыларды күтпеген жерден бас салды. B.v 1.аң-таң ету, таңғалдыру, таңырқату ♦∼ smb It wouldn't surprise me if they got married soon. – Олар көп ұзамай үйленсе, таңғалмаймын. ♦∼ smb how, what It's always surprised me how popular he is. – Оның жұртқа танымалдығы мені таңғалдырып келеді. ♦it ∼s smb that… It surprises me that you've never sung professionally. – Сенің кәсіби (деңгейде) ән айтпағаның мені таңғалдырады. 2. ∼ smb тосыннан/ тұтқиылдан/ күтпеген жерден шабуылдау/ табу, тб ♦The army attacked at night to surprise the rebels. – Армия түнде көтерілісшілерге тосынан лап қойды. ♦We arrived home early and surprised a burglar trying to break in. – Үйге ерте келіп, үйге түспек болып жатқан ұрының үстінен түстік.