survey A.n [ˈsɜːveɪ] 1. (жұрт пікірін, тб ) шолу, зерттеу, сұрастыру, сауалнама (опрос общ-ге мнения), тексеру ♦A recent survey showed 75 per cent of those questioned were in favour of the plan. – Жуырдағы шолу/ сауалнама азаматтардың 75 проценті жоспарды жақтайтынын көрсетті. ♦to conduct/carry out/do/complete a survey – шолу/ сауалнама жүргізу ♦According to the survey... – Шолуға/ Сауалнамаға сай... 2. (бір жерді, тб) шолу, барлау, зерттеу ♦an aerial survey – әуеден (ұшақпен) шолу ♦A geological survey revealed the presence of oil beneath the ground. – Геологиялық барлау жер астында мұнайдың бар екенін анықтады. 3. (BrE) (бірн-ң күйін) тексеру, қарау ♦a detailed structural survey – жан-жақты структуралық/ құрылымдық тексеру 4.шолу, зерделеу, зерттеу ♦a comprehensive survey of modern music – қазіргі музыканы жан-жақты шолу ♦a historical survey of children's clothing – балалардың киімдерін тарихи шолу B.v [səˈveɪ] 1. ∼ smth тексеру, шолу, бақылау, қарау (syn: inspect) ♦The next morning we surveyed the damage caused by the fire. – Келесі күннің ертесінде өрттен болған нұқсанды шолдық/ қарадық. ♦He surveyed himself in the mirror before going out. – Тысқа шығар алдында ол айнаға бір қарап алды. ♦She opened her eyes and surveyed her surroundings. – Ол көзін ашып, төңірегіне қарады. 2. ∼ smth шолу, зерделеу, зерттеу ♦This chapter briefly surveys the current state of European politics. – Бұл тарау Европа саясатының қазіргі күйін шолады. 3. ∼ smb/smth (жұрт пікірін, тб ) шолу, зерттеу, сұрастыру (syn: interview) ♦We surveyed 500 smokers and found that over three quarters would like to give up. – Біз сөйлескен 500 темекі шегушілердің төрттен үші темекіні тастағысы келеді екен. ♦87% of the 1 000 companies surveyed employ part-time staff. – Шолған мың компанияның 87%-інде бөлік уақыт істейтіндер бар екен. ♦62 percent of those surveyed disapprove of the president's handling of the problem. – (Біз ) сұрағандардың 62 проценті президенттің (осы) мәселемен бұлай айналысқанын құптамайды. 4. ∼ smth (бір жерді/ тұсты) шолу, барлау, тексеру, көру 5. (BrE) ∼ smth (бірн-ң күйін) тексеру, қарау ♦Have the house surveyed before you decide whether to buy it. – Сатып алмас бұрын үйді тексертіп ал(ғын)/ алыңыз.