suspect A.v [səˈspekt] күмәндану, күдіктену, сезіктену, шүбәланау, бірн-ні біреуден көру ♦As I had suspected all along, he was not a real policeman. – Өзім ұзақ күмәнданғанымдай/ шүбәланғанымдай, ол шын полицей болмай шықты. ♦∼ smth If you suspect a gas leak, do not strike a match or even turn on an electric light. – Газ шықты (ма) деп сезіктенсең(із), сіріңке жақпа(ңыз), тіпті электр жарығын да қоспа(ңыз). ♦Suspecting nothing, he walked right into the trap. – Ешнәрседен бейхабар/ Қаннен қаперсіз ол тұзақтың дәл өзіне түсті. ♦∼ (that)… I began to suspect (that) they were trying to get rid of me. – Олар менен құтылғысы келеді ме деп сезіктене/ күдіктене бастадым. ♦I strongly suspect (that) this whole story is fictional. – Бүткіл әңгіме жалған ба деп қатты күмәнданамын. ♦∼ smb/smth of smth He resigned after being suspected of theft. – Ұрлыққа қатысы бар деп одан күдіктеген соң, ол қызметінен кетті. ♦He is not suspected of any involvement in the recent attacks. – Кейінгі кездердегі шабуылдарға ол қатысты деген күдік жоқ./ Кейінгі кездердегі шабуылдарды одан көрмейді. ♦He was wrongly suspected of the crime. – Қылмысқа қатысы бар деп одан қате күдіктенген./ Қылмысты содан көріп, қателескен. ♦∼ smb/smth of doing smth I suspected her of damaging the equipment. – Жабдыққа зиян келтірді ме деп одан күдіктендім. ♦The drug is suspected of causing over 200 deaths. – Есірткі екі жүз адамның өліміне себепкер болды дейді. ♦∼ smb/smth Whom do the police suspect? – Полиция кімнен күдіктенеді? ♦I suspected her motives in offering to help. – Ол неге жәрдем ұсынды деп күдіктендім. ♦He dealt through a broker whose honesty he had no reason to suspect. – Ол өзі ешбір күмәнданбаған делдал/ брокер арқылы әрекет етті. B.n [ˈsʌspekt] 1.сезікті, күдікті (қылмысқа, тб қатысы бар-ау деген адам) ♦a murder suspect – кісі өлтірді деген сезікті/ кісі өлтірді(-ау) деген адам ♦He is the prime suspect in the case. – Бұл істе ол басты сезікті./ Бұл істе қылмысты негізі содан көреді. ♦Five suspects have been detained for questioning. – Тергеуге бес сезіктіні/ күдіктіні ұстады. ♦Do you have a list of likely suspects? – Ықтимал сезіктілердің тізімі сізде бар ма? 2. (idm) *the usual suspects бұрыннан таныс адамдар, тб ♦She thanked all the usual suspects in her acceptance speech: her family, the director, the cast and the crew. – Ол алғыз сөзінде таныс адамдардың бәріне рахмет айтты: өз үй-іші, директор, актерлер және (камераға) түсіру тобы. C.adj [ˈsʌspekt] 1.шүбәлі, күмәнді, сенімсіз, рас болмауы мүмкін (syn: questionable) ♦Some of the evidence they produced was highly suspect. – Олардың келтірген кейбір айғағы тым күмәнді. ♦The theory is rendered suspect by its reliance on now discredited sources. – Қазір терістелген көздерге көп сүйенгені үшін теория шүбәлі деп танылды. 2.күдікті, қауіпті, сезікті (syn: suspicious) ♦a suspect package – күдікті (қауіпті болуы мүмкін) орама/ пакет ♦a controlled explosion of a suspect device – күдікті нәрсені (м: бомбаны) абайлап жару/ қопару