suspension [səˈspenʃn] n 1. ∼ (from smth) (жұмыстан, оқудан, тб) уақытша шеттету/ істетпеу ♦suspension from school – мектептен уақытша шеттету ♦The two players are appealing against their suspensions. – Екі ойыншы шеттелгеніне риза болмай, шағымдануда. 2. кейінге қалдыру/ шегеру, кешіктіру, ірку, кідірту ♦These events have led to the suspension of talks. – Бұл оқиғалардан соң келіссөздер іркілді. ♦Many movies require the viewer to engage in a willing suspension of disbelief. – Көптеген фильмдерді көру үшін көрермен жалғанды шындай көруі керек. 3.аспа, ілме (автомобильдің) (подвеска автомобиля, система подрессоривания автомобиля) ♦the front/rear suspension – алдыңғы/ артқы ілме ♦The new model is fitted with computer-controlled suspension. – Жаңа модельде компьютермен істейтін ілме бар. 4. (specialist) аралас сұйықтық, тұнық емес/ лай сұйықтық; ерітінді, қоймалжың, суспензия ♦The suspension was passed through a filter to separate out the solid particles. – Аралас сұйықтықты фильтрден өткізіп, қатты нәрселерді сүзді. ♦The material carried in suspension by the tide is deposited on the shore. – Лай сумен келген материал/ нәрселер жаға(лау)да шөгеді.