suspicion [səˈspɪʃn] n 1.күдік, күмән, сезік, шүбә ♦They drove away slowly to avoid arousing suspicion. – Жұрт күдіктенбесін деп олар машинамен баяу әрі кетті. ♦on ∼ of smth He was arrested on suspicion of murder. – Одан өлімге қатысы бар деп сезіктеніп, тұтқындады./ Өлімге қатысы бар деп сезіктеніп, оны тұтқындады. ♦on that… I have a sneaking suspicion that she's not telling the truth. – Ол шындықты айтпай тұр деп іштей күмәнданамын. ♦His resignation seemed only to fuel suspicions. – Оның отставкасы алыпқашпа сөздерді көбейтіп жібергендей болды. ♦I have a horrible suspicion that we've come to the wrong station. – Қырсық шалып, басқа станцияға келдік-ау деп күмәнданамын. ♦Their offer was greeted with some suspicion. – Олардың ұсынысына күмәнмен қарады. ♦Water from shallow wells should be regarded with suspicion, as it may be contaminated. – Таяз құдықтағы суды байқау керек; бұзылуы мүмкін. 2. ∼ of smth (formal) жұғын, жұрнақ, тап, белгі, нышан (syn: hint) ♦His mouth quivered in the suspicion of a smile. – Бүлк еткен аузында жымиыс табы болды. ♦Wasn’t there even a suspicion of truth in what he said? – Оның сөзінде бір де болса шындық болды ма? 3. (idm) *above/beyond suspicion ешбір күдік/ күмән жоқ, күдіктен тыс/ алыс ¨Nobody who was near the scene of the crime is above suspicion. – Қылмыс орнының жанында болмаған кез-келген адам күдіктен тыс. *the finger of blame/suspicion [қ-з: finger (А4)] *under suspicion (of smth) (қылмысқа, тб қатысы бар-ау деп) сезікті/ күдікті болу ♦The whole family is currently under suspicion of her murder. – Оның өліміне қатысы бар-ау деп бүткіл үй-ішінен күдіктенді. ♦He fell under suspicion of tax evasion. – Одан салықтан жалтарды деп күдіктенді.